«ЭКСПО» қалашығы қазақстандықтарға әлі талай жыл қызмет етеді. Мәселен Париждің символы «Эйфел мұнарасы» десек, брюсселдіктер «Атомиум» ғимаратын мақтан тұтады.

Сол сияқты «Нұр әлем» сферасы да қазақ елінің абыройын арттыра түсері сөзсіз. Өйткені мұндай аты әлемге әйгілі нысанды көру үшін жер жаһанның түпкір түпкірінен мыңдаған турист келеді. Энергетикалық хартияның бас хатшысы Урбан Русняк Астанаға ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалау үшін арнайы келген.

Урбан Руснак, Энергетикалық хартияның бас хатшысы:

– Көрнекті көрмеде барлығы жақсы ойластырылған. Тіпті әрбір тетігіне дейін. Мен өз басым тура ғарышта жүргендей болдым. Нұр әлем сферасының кереметін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әр қабаттағы экспонаттар бүге-шүгесіне дейін ойластырылып қойылған. Бұл нысан болашақ ұрпаққа мұра боп қалары сөзсіз. Мұнда әлі талай халықаралық маңызы зор шаралар өтіп, қазақстандықтарға әлі ұзақ жылдар бойы қызмет етері анық.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here