Жазғы  демалыс – мектеп оқушылары  үшін  ерекше  ықыласпен  күтілетін  мезгіл.  Оқушылар  жазғы  демалыста  уақыттарын  қызықты өткізуді  ойлайды. Олардың  уақыттарын  тиімді,  әрі  қызықты  өткізу  үшін  мектеп  жанындағы  лагерьлердің  берері мол.   Қарашоқы  орта  мектебінде  де  әр ауысым бойынша лагерь ұйымдастырылды.  Мектебіміздің  жанынан  құрылған  «Айгөлек»  күндізгі лагерінде  шілде  айының  10-20  аралығында  І ауысым  өз  жұмысын  бастады.  Жеке  кәсіпкерлердің  және  Қарашоқы  орта мектебі  ұстаздарының  демеушілігімен  1-5 сынып  оқушылары  қамтылды.
Балалардың  демалуына  барлық  жағдай  жасалған.  Арнайы асхана,  ойын  бөлмесі, ұлдар, қыздар бөлмесі  жасақталған. Ас  мәзірі  медбике  тарапынан  бекітіліп, тексеріліп  отырады.  Балаларға  таңертеңгі, түскі, бесін ас уақытылы беріліп, тынығу  сәттері  ұйымдастырылды. І ауысымдағы  тәрбиешілер бастауыш сынып мұғалімдері – С.Мухалаева мен Д.Алмабекова  жоспар  бойынша  жұмыс  жасап,  түрлі шаралар, жарыстар, байқаулар өткізді.  Лагерьдің  соңғы  күні  мектептің  ережесі  бойынша  демалушы  оқушылар  «Қош бол, қызықты лагерь» атты  тәрбиелік іс-шара  өткізді.   Балалар  өздерінің  ән-жырларын айтып,  мың бұралған  билерін  билеп,  өнерлерін  көрсетті.  Іс-шара  соңында  мектеп  директоры  К.Бұқабаева  балаларға демалыстарының  жақсы  өтуіне  ақ  тілегін білдірді.
Балалардың  жақсы  демалуына жағдай жасаған  Қарашоқы   орта  мектебінің  ұжымы, мектеп басшысы К.Бұқабаева, ауылымыздың жеке кәсіпкерлері, ұйымдастырушы ұстаз Э.Түлемісова,  музыка пәнінің  мұғалімі Б.Умарова,  медбике А.Атантаева, аспазшылар А.Манбаева мен Н.Нұрелова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Батымбетов сияқты ағайларымыз бен апайларымыз  балалардың  жақсы  демалуы  үшін  өз  үлестерін  қосты.
С.МУХАЛАЕВА,
Д.АЛМАБЕКОВА,
Қарашоқы  орта мектебі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here