2017 жылдың 7 тамызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданда құрылған жұмыс тобының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты мәртебесі анықталмаған адамдардың мәртебесін анықтау жұмыстарының жүргізілуі туралы кезекті отырысы болып өтті. Жұмыс тобының төрағасы Болысбай Тоғысбайұлы Момбаев отырысты ашып, жүргізіп отырды.Төраға өз сөзінде 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгендігін, осыған байланысты жоспарлы медициналық көмектің тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналары түсетін азаматтарға ғана көрсетілетін айтып өтіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ауданымызда атқарылып жатқан шараларға жеке-жеке тоқталды.
Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры М.Құрманбеков қаралып отырған мәселе бойынша өзі басқарып отырған мекеменің жұмысы туралы баяндама жасады.
— Ауданымызда жаңа жүйе жағдайында әрбір азаматтың мәртебесін айқындау жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша халық саны 49721 адам болса мәртебесі анықталмағаны 16504 адам, жалпы халық санының 31,7 пайызын құрап отыр. Мәртебесі анықталмаған азаматтарды анықтау мақсатында әр үйді, ауланы аралау арқылы жұмыстар жүргізіліп келеді.
Бүгінгі күнге 16504 адамның мәртебесі анықталып,«Е-Халық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді. Орталық қызметкерлері жұмыссыздарды қабылдап, заң талаптарын түсіндіріп, мемлекеттік қолдау шараларын насихаттауда. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бағыттары туралы буклеттер таратылып, ақпарат құралдарында жариялануда.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мәртебесі анықталмаған 16504 адамның мәртебесін анықтау жұмыстарын қайтадан қарау бойынша 16504 адамның тізімі 15 ауылдық округке және тиісті мемлекеттік мекемелерге жіберіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық кірістер басқармасына 2089 жұмыс істейтін адамдардың зейнетақы қорына аударымдары аударылмағандықтан анықтау жұмыстары тапсырылып. анықталғаны — 523 адам. Қалған 1565 адаммен жұмыстар жүргізілуде.
Көші-қон полициясы бөліміне көшіп кетті деп берілген — 3309 адамдарды тексеру тапсырылып анықталғаны -140 адам. Қалған 3192 адаммен жұмыстар жүргізілуде. Ауыл округтері әкімдерінің көшіп кетті деп берілген анықтамалары көші-қон бөлімінің базасында адамдардың тұрақты мекен- жайы осы ауданда тіркеліп тұрғандығы қиындықтар туғызуда.
Қайтыс болды деп берілген 132 адамды анықтау ұйымдастыру және АХАТ бөліміне беріліп анықталғаны 32 адам, қалған 100 адамның қайтыс болды деген куәлігінің болмауының себептерінен анықталмай отыр. Аудандық аурухана мен ұйымдастыру және АХАТ бөлімімен бірлесіп қайтыс болған адамдардың құжаттары іздестіріліп жұмыстар жүргізілуде, -деп атап өтті.
-Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондықтан да денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойластыру қашан да оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты. Дегенмен, мемлекет бұл тұрғыда қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұған мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асырылуына байланысты халық арасында түсіндіру шараларын жүргізу үшін жұмыспен қамту орталықтарының мамандары мен аудандық денсаулық сақтау мекемесінің мамандары ауданымыздың елді мекендерінде болып жиындар өткізді,- деген ШЖҚ «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры Қ.Қалдыбаев алдағы атқарылар шаруаларға да тоқталып өтті.
Жұмыс тобының төрағасы Б.Т.Момбаев отырысты қорытындылап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін баса айта отырып, тиісті мекеме басшыларына мәртебесі анықталмаған азаматтардың мәртебесін анықтау туралы тапсырмалар берді.

Өз тілшіміз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here