Басты бет Без рубрики Жас сарбаздар жарысы!
11.08.2017

Жас сарбаздар жарысы!

Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Өйткені олар – «ертеңімізді жасайтын бүгініміз». Жастарға үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – осы жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта біздерге, жастарға, ерекше сенім арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса назар аударады. Ел Президентінің жыл сайынғы Жол-дауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, кез-келген мемлекеттік маңызы бар стратегиялар мен мақалаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дәлелі.
Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 4-5 тамыз күндері аралығында өскелең жас ұрпаққа, жас жеткіншектердің бойына қазақстандық патриотизмге негізделген көзқарас, әскери дағды қалыптастыру, бәсекеге қабілетті жас тұлғаны жетілдіру және әскери – патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру мақсатында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Кербұлақ ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық жарыс ойыны өткізілді. Аталған жарысқа облысымыздың 8 ауданының жастары қатыстырылды. Жарысқа жалпы 80-ге жуық жастар жұмылдырылды.
«Айбын» әскери-патриоттық, спорттық жарыс ойынына қатысушы қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Б.Момбаев, Кербұлақ ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Мыңбаев және аудан жастары ыстық ықыласпен, қошеметпен қарсы алды.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Момбаев келген қонақтарға өзінің ыстық ықыласын білдіріп, қадамдарына сәттілік тілеп, аудан әкімі Б.Алиевтың жалынды жастарға деген ыстық сәлемін жеткізді.
Осыдан кейін қатысушы үміткерлерді әскери қалашыққа бастап барып, жас достар әскери өмірмен танысты. Оларды Сарыөзек гарнизонының бастығы, подполковник М.Дарбышев қарсы алды.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Момбаев жарысқа сап түзеп келген жалынды жастарды бүгінгі әскери патриоттық, спорттық ойынның басталуымен шын жүректен құттықтап, алдағы бәсекеде жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі. Екінші болып сөз алған Алматы облысының жастар ресурстық орталығының директоры, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Б.Жаксикелдинов қатысушы үміткерлерге ойын ережесін түсіндіріп, өз тарапынан қатысушыларға сәт — сапар тіледі.
Жастар бірінші күні сап түзеп, шеппен жүріп өтсе, содан кейін полигонға барып сарбаздар өмірімен танысып қайтты.
Екінші күні жалпы физикалық дайындық, заманауи тактикалық дайындық, жаттығу жұмыстары, спорттық ойын түрлерінен сан түрлі қиын сындардан сынақтар тапсырылды.
Сыннан сүрінбей өтіп, азаматтық борыштарын абыроймен орындап елінің (ауданының) аманатын ақтай білген жастар бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жарыста бірі ұтылып, енді бірі ұтары айдан анық. Жеңісті қолдан бермей І орынды Кербұлақтық жастар иеленсе, ІІ орынды Қаратал ауданы, ІІІ орынды Талдықорған қаласы өз қанжығасына байлап қайтты.
Жарысқа қатысушы жастар, тартысты өткен бәсекеден соң көңілді күймен тарқасты.
Р.БАЙЖАН,
ауданның жастар
ресурстық орталығының кеңесшісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

Н Назарбаевтың мемлекетіміздің даму жолындағы еңбегі ерен

  Пікір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттіктен өз еркімен кетуі туралы шешімі…