Елбасының  «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласындағы «туған жер» атты арнайы бағдарламасына сәйкес Кербұлақ ауданындағы киеліде қасиетті жерлердің бірі, Жоламан мен Малайсары ауылдарының маңындағы әсем таулардың қойнауына, Алматы облыстық Мәдениет басқармасының тапсырмасымен, Алматы облыстық тарихи мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы директорының міндетін атқарушы Бодауова Гүлжан Манатқызы, тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімі меңгерушісі Адамжанов Жандос Ізбасарұлы Кербұлақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әділжан Әділханұлы тарихи, мәдени мұраны тану үшін тастағы таңбаларды біліп зерттеу  үшін арнайы атбасын бұрды. Жұмыс барысын бастамас бұрын Малайсары Тоқтауылұлының басына құран бағыштап, сол маңдағы әсем тауларыдың қойнауына  бет алды.. Тарихи- мәдени мұраның қорғау бөлімінің меңгерушісі Адамжанов Жандос Ізбасарұлы  тасқа қашалған суреттердің бейнесін іздеу барысында, петроглиф жайлы жалпы түсіндірді.

Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі Петрогливтер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Бір уыс жылқы қылын шоқтап байлаған суреттері кең таралған. Салт аттылармен бірге садақ, найза ұстаған, кейде жекпе-жек кезіндегі жаяу жауынгерлер бейнелері де ұшырасады. Петроглифтер орта ғасырлар дәуіріндегі жауынгерлердің тартыс пен  ерлікке толы алыста қалған жауынгерлік рухын көрсетеді.   Петроглифтердің жалпы ережесі сүйенсек, осы таудағы тасқа бейнеленген бейнелердің барлығы дерлік сәйкес келеді.    Таудағы тастардағы салынған суреттер көбінесе жебеге ұқсас салынғанын, екі бұғының бір-біріне қарама-қарсы салынғанын бейнесі, белгісіз жануарларға ұқсаған суреттер көп болғанын, тағы басқа таңбаларды байқағанын айтып таңқалғанын жасырмады. Бір қызығы тасқа бейнеленген бейненің барлығы күнгей жағына емес, таудың теріскей бетіне салыныпты. Себебі күннің ыстығынан жаңбырдың жауғанынан  суреттер көбінесе өшіп қалуы мүмкін, сондықтан ежелгі ата-бабаларымыз таудың теріскей бетіне салған. Дегенімен уақыт өз еншісін алады қаншама ғасыр өтті, табиғаттың тосын сыйынан, таудың мүжіліуінен кейбір бейнелерді анықтау қиын. Ол бейнелерді арнайы мамандармен өзіндік техналогиялық құралдармен көруге болады. Алайда көзге оттай басылатын бейнелер аз емес екенін айтты.

Алматы облысы тарихи мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының директорының міндетін атқарушы Бодауова Гүлжан Манатқызы сөзінде:

-Осындай петроглифтер елімізде жойылу үстінде, бұл қаншалықты рас,  шынымен жойылып жатырма, соны көріп бағыт бағадарын алып қаншалықты жойылып жатқанын көз жеткізу үшін арнайы мәлімет алуға келдік. Негізі Жетісу өңірі- петроглифтерге бай аймақтардың бірі болып табылады. Солардың ішіндегі Кербұлақ ауданының таулы аймақтары кіреді. Ертедегі түріктердің тастан жасалған тұлғалары ерекше назар аудартады. Ерте кезеңдегі тарихымыздан белгілі, ежелгі дүниетанымда дін пайда болмас бұрын, осындай жануарларды бейнелеу үрдісі кең етек алған. Көрнектілігі мен көркемдік деңгейі жағынан олар әсте біртекті емес. Адамдардың мүсіні қашалып салынған суреттер аз кездескенімен жануарлардың басқада таңбалардың бейнелері өте көп. Жалпы Алматы облысы бойынша 2340 тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Егерде алдағы уақытта археолог мамандар келіп, зерттеп, бүгінгі атқарылған жұмыс толығымен дәлелденіп жатса, бұл аймақта арнайы ескеріліп ескерткіш ретінде, тарихи мұра ретінде танылып мемлекеттік қорғауға алынады. Мұндай зерттеулер үшін бір күн жеткіліксіз болады, ол үшін кем дегенде бір ай көлемінде уақыт керек деп аяқтады сөзін.

Кербұлақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әділжан Әділханұлы өз сөзінде былай деді.

-Осыдан бірнеше мың жыл бұрын тас, қола дәуірінде орта ғасырлар аралығында өмір сүрген адамдар, мекен еткен жерлеріне өз үңгірлеріне өзіндік таңбаларын, символдарын таңбалап кеткен. Бұл-ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, зерттеп ежелде өмір сүрген адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Осындай көне ескерткіштерді толығымен зерттеп, зерделеп қолға алуымыз тиіс екенін, бұл тарихи құндылығымыз екендігін айтып сөз қорытты.

 

                                                                           Дидар ДИХАНБАЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here