Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру керектігін айтқан. Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келеді. «Латын әріпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» — деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз қажет. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ ақын жазушылар ұлт жанашырлары мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы бірталай пікірталастар туындай бастады. Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Халықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латын әліпбиіне көшуді дәріптесе, кейбір зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне  қарсылықтарын білдіруде. Қазіргі уақытта латын әріпін қолдану, ең алдымен, заман талабына сай болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек. «Бұл үдеріс жақсы дайындықта ойластырылып жүргізілуді қажет етеді. Қаншама уақыт бодандықта болсақта, зорлық-зомбылық көрсекте, XX ғасырда  қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың жыр дастандардың қазақ тілінде  ауқымды қоры сақталғаны анық.  Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Сондықтан біз қазақ тілінің мәртебесін, қазақ тілінің тазалығын ойлауымыз қажет! Негізі қазақтың тілі жұмсақ, үнді, мәдениетті тіл.  Кейбір әріптердің ана тіліміздің әуезін бере алмауына байланысты тіліміз өзінің бастапқы қалпын жоғалтып жатыр. Осы орайда біз латын әліпбиіне көшуіміз керек. Біріншіден, бұл қазақтың тіліне ең жақын әліпби. Екіншіден, біз шетелдегі отандастарымызды ұмытпауымыз керек. Олардың елден хабар алуы да біраз жеңілдей түседі, өйткені көп дамыған елдерде осы латын әріпін пайдаланады. Үшіншіден, латын әліпбиін меңгерген жастарымыз келешекте ағылшын тілін үйренуге бейім, әрі оңай  болады,  сол арқылы әлемдік ақпаратпен сусындай алады. Мәселен, көрші Өзбекстан елі асығыстау болса да, латын әліпбиіне көшті. Түрік, Әзірбайжан мемлекеттері латын әліпбиін   пайдаланады. Артықшылығы болмаса, ешқандай қиындық көріп отырған жоқ.

Сонымен бұл мәселе бойынша біздер де, Елбасының айтқан сөзін қолдап, латын әліпбиіне көшудің жолдарын қарастыруымыз керек.  Сондықтан бізге ХХІ ғасырдың күллі тынысын бойына сіңірген, жаһандану талабын ескеретін, жиырма жылдан астам тәуелсіз тарихы бар жаңа тұрпатты Қазақстанның бүгіні мен болашағын толық бейнелей алатын әліпби қажет.

Дидар ДИХАНБАЕВ

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here