Жуырда Кербұлақ ауданына қарасты Қызылжар ауылдық округінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Жастар-болашақ кепілі!» тақырыбында  Жайдарман жарысы өтті. Жалпы жарысқа Қарашоқы орта мектебі, Күреңбел қазақ орта мектебі «Күреңбел құрама командасы» Сарыбастау орта мектебі, Сарыөзек орта мектебі «Фоворит» құрама командасы  Алтынемел, Қызылжар орта мектептері қатысты. Бұл сайыста әділқазы алқалары,  кәсіподақ ұйымының төрайымы, әділқазылар алқасының төрайымы Момбаева Ләззат Хайдарқызы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі  Әлішер Әбумәлік, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мыңбаев Алмас Асқарұлы,  «Сарыөзек» жарнама жеке кәсіпкерлігінің басшысы Шаймерден Олжас Бақытжанұлы, жастар корпусын дамыту жобасы аясында 1306- «Болашақ» жобасының мүшесі Жұмаш Жасұлан Талғатұлы өзіндік бағаларын берді. Әділқазы  алқалары сайыстың тартысты өткенін айтып кім жүйрік екенін анықтай оңайға соқпағанын жеткізді.

Алайда сайыс болған соң жеңісте жеңілісте бар. Күреңбел қазақ орта мектебі «Күреңбел құрама командасы» тапқырлығымен, асқан таланттылығымен алға суырылып шығып Бас жүлдеге ие болды. Қарашоқы орта мектебі бірінші орын алса, Сарыбастау орта мектебі «Доллор» құрама командасы үшінші орынды қанжығасына байлады. Алтынемел Қызылжар орта мектептері Алғыс хаттармен марапатталып  барлығы арнайы сыйлықтар табыс етілді.

                                                                                              Дидар ДИХАНБАЕВ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here