Еліміз егемендік алып, көрген қиын-сиылықтары «көрген түстей» артта қалып, қазақ елі тәй-тәй басқан баладай қаз тура бастаған кезде алыстағы қандас бауырларымыз ес жиып, ел-жұртқа ағыла бастаған-ды. 1990 жылы басталған Ұлы көш жалғасын тауып, туған жерден алыстап, адасып қалған ағайындар елге оралып, қазақ халқының бір жұрнағы екендерін дәлел деген болатын.

Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың – бұл шешімі ел болудың мақсаты еді. Бүгінгі таңда бұл мақсаты орындалды.

Өйткені жапырағы жұлынса да, діңгігі аман қалған қандас бауырларымыз дінін, тілін сақтап, ауданымызды өз шама шарқынша еңбек етіп, бақытты ғұмыр кешуде.

Осы орайда жақында, «Нұр Отан партиясы Кербұлақ аудандық филиалының «Көш көлікті болсын» атты республикалық акция аясында жиын болып өтті.

Талдыбұлақ ауылдық округіндегі Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің Мәжіліс залында өткен бұл жиынға округ әкімі Қашқынбаев Марат ____________ «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының орынбасары Бозымбеков Жомарт Саханұлы, аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімнің басшысы Диханбаева Айгүл Тұрдақынқызы, аудандық көш-қон полиция тобының инспекторы Сағындықов Руслан Көлбайұлы, аудандық жер қатынастары бөлімнің инспекторы Чамшиев Жандос Сәрсенбекұлы, аудандық БАҚ өкілдері, Талдыбұлақ, Қоғалы ауылдық округтерін мекендеген қандас бауырларымыз қатысты.

Жиынды «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының орынбасары Жомарт Саханұлы ашты:

    -Құрметті жиынға қатысушылар, қандас бауырлар!

   Бәріңізге белгілі Елбасымыздың «Болашақ бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы халқымызға үлкен серпіліс туғызып, рухани дүниемізді жаңғыртты. Елбасымыз қай мәселені қозғалса да ұлттық құндылығымыздың өзігін сақтап қалуды айтады. Мақала өзекті мәселерінің бірі-ұлттық бірігейлікті сақтау. Қазақ халқы қашанда қонақжай, қайырымды халық. Сонау нәубет жылдарында да халқымыз түріне, тіліне қарамай сан түрлі ұлт өкілдерін бауырына басқан. Тоқсаншы жылдары шет елдердеқалған қаракөз бауырларымызды елге әкеліп, жер беріп, азаматтық алуларына жол ашқанда Елбасымыздың «Мәңгілік ел»  болу арманы еді. Бұл арман жүзеге асты. Қиын-қыстау күндер артта қалды, еліміз қарыштап дамыды. Бүгінігі жиынның мақсаты өздеріңізбен дидарласу, шешімін таппай сұрақтарыңызға жауап беру. Ол үшін ауданнан бөлім басшылары келіп отыр, — деп сөзін аяқтап, алғашқы сөз кезегін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Тұрдақынқызына берді.

Айгүл Тұрдақынқызы Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың әл ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам екенін айта келіп, 2018 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін жаңа әлеуметтік көмек туралы жан-жақты баяндап қосымша ақпараттар мен кеңестерді алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе жергілікті жердегі ауылдық әкімшілік қызметкеріне жолылуға болатынын айтты.

Өз кезегінде сөз алған аудандық көшқон полиция тобының инспекторы Руслан Көлбайұлы, мемлекет басшысының аңсаған арманы орындалып, алыста жүрген отандастарымыздың қандас бауырларымыздың елге оралып, бабаларының жерінде тыныш өмір сүріп жатқаны үлкен бақыт екенін тілге тиек етіп, бүгінгі күш  азаматтық алу бұрынғы кездегідей қиындық тудырмайтынын, қандастарымыздан сотталғаны туралы анықтама сұралмайтынын, кез келген адам «Қош-қон» туралы Заңына сәйкес, бес жылға дейін азаматтық алатынын, квотамен келетін бауырларымыз алыс шетелден келсе – облысқа, жақын шетелден  келгендерауданға тіркелмейтінін, бұл мәселелер бойынша ешқандай бөггет екенін айтты. Сөз тізгінін алған аудандық жер қатынастары бөлімінің инспекторы Жандос Сәрсенбекұлы, бүгінгі таңда жер беруге мораторий жарияланып6 жеке шаруа қожалықтарына беріліп жатпағанын, тұрғылықты мекен-жайы бойынша берілетін 15 сотық жерге жер иесі екі жылда нысан салып улгеру керектігін, Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша жерінің құжаттары дұрыс емес адамдарының көп екенін, мұның бәрі легализациякезінде болған салғырттықтың салдары екенін айтты.

Шабындық жер алуға өтініш айтып келген Доланалы ауылында туратын Бөкей Күнімхан мен Біләл Маржан айтты, қандастарымызға Жандос Сәрсенбекұлы, жер алу үшін мораторий тоқталғаннан кейін ғана, аукционға қатысып, тендерді уту керектігін түсіндірді.

Сұрақтарына қананғаттанарлық жауап алған тұрғындар мамандарға ризашалықтарын білдірді.

Жиында «Нұр Отан» партиясы кербұлақ аудандық фиилиалы төрағасының  орынбасары Бозымбеков Жомарт Саханұлы қорытындылап, жиын өткізу барысында қолдау көрсеткен Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі Қашқынбаев Марат _________________ ұлына алғысын айтып, қандас бауырларымызға сәттілік пен жақсылық тіледі.

 

Дина Аманқызы,

«Нұр Отан» партиясының мүшесі

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here