Жуырда Кербұлақ ауданының жастар ресурстық орталығының және аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық спорт кешенінде самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның төрт дүркін чемпионы, әлем чемпионаттарының жүлдегері,  Азияның төрт дүркін чемпионы, Греция мемлекетінде, Афины қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Ресей федерациясының Қазан қаласында өткен самбо күресінен бүкіл әлемдік универсиаданың қола жүлдегері, Түркменстанда,Ашхабад қаласында өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері, Жапония мемлекетінің Нарита қаласында өткен самбо жарысының күміс жүлдегері Құрышбаева Ділдәш Нариханқызының шеберлігімен самбо күресі бойынша жастар және жасөспірімдер арасында шеберлік сабағы өтті.

Аталған іс-шара аудан әкімінің орынбасары Момбаев Болысбай Тоғысбайұлының құттықтау сөзімен басталды.

    — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өскелең жасөспірімдер  арасында шеберлік сабақтарын өткізгелі тұрмыз. Бұл ауданымызда бой көтерген спорт кешенінде жастарға спорттық бағытта шыңдалуға жағдай жасалғандығы баршаңызға аян. Қазіргі таңда жастар, сіздерге қандай салада  болмасын, шыңдалуға Елбасы саясатының арқасында барлық жағдайлар қарастырылған. Кербұлақ ауданы бойынша Азамат Мұқанов, Гүлмарал Еркебаева, Дәурен Жұмағазиев, Елдос Әбікенов сынды талай саңлақтарымыз көк туымызды желбіретіп, еліміздің атағын шығарып, өз үлестерін қосуда. Ділдәш қызымыз да талай белестерді бағындырып, шеберлігін шыңдап, шеберлік сабағын өткізгелі тұр. Құрметті жастар, қазіргі заман талабына сай барлығың да спортта белсенді болуға тырысыңдар. Бүгінгі шеберлік сабағынан жақсы әсер алып қайтуларыңызға тілектеспін,-деді.

  Спорт десе, ішкен асын жерге қоятын спортсүйер Ділдәш Нариханқызы өзінің спорттан алған тәжірибесін аудандық самбо үйірмесіндегі жас өрендерге көрсетті. Келген қонақтар жақсы әсер алғандарын айтып, самбошы қызбен естелік суретке түсті.

                                                                                           Дидар ДИХАНБАЕВ.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here