Көптен бері қауымның көсіліп айта жүрген арманы мен мақсатын «рухани жаңғыру» мақаласы тамырдан дәл басып айтып бере алды. Әрқашан жарқын, жағымды ойлауға тәрбиелейтін бұл мақала ұлттық тегіңді сақтап қалудың жолдары мен міндеттерін нақты көрсетіп берді.  Елбасының ойынша ұлттық текті сақтап қалуға мүмкіндік беретін басты көрсеткіш – бұл патриоттық тәрбие. Қазақстандық білім беру жүйесінде балаларды патриоттық сезімге баулуға аса мән беріліп отыр. Балалардың жас күнінен Отанға деген сүйіспеншілігін, атамекенде өмір сүріп жатқан ұлт пен ұлыстардың мәдениеті жайында білім бере отырып, біртұтас қазақстандық қоғамды қорғауға деген түйсігін қалыптастыру қазіргі білім беру жүйесінің басты ұстанымы болып отыр.  Мақалада әрбір азаматтың патриоттық сезімін қалыптастырып, сүйіспеншілігін арттыратын туған жер екендігі айтылады. Яғни, Елбасының сөзімен айтқанда «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады». Мақалада алға қойылған міндеттердің қатарында үшінші тізімді «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынылған.   Туған жерді дәріптеу арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру бала жастан да, ересек жастан да бастау алады Осы мақсатта Қоғалы ауылы «Қарлығаш» балабақшасында  тәрбиешілер арасында М.Мақатаевтың патриоттық өлеңдерін мәнерлеп жатқа  оқудан жарыс ұйымдастырылды.  Бұл жарысқа әділқазы алқалары Қоғалы ауылдық  округі әкімінің орынбасары Жұмаділова Алтынкүл Мырзақұлқызы , балабақша меңгерушісі Мурзабаева Гүлмира Қасымбекқызы, балабақша зейнеткері Байчапанова Зайтуна Ескакқызы  әділ бағаларын беріп, жарысқа қатысқан тәрбиешілерді мақтау қағазымен және кішігірім сыйлықтармен марапаттады. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші бірінші орынды балабақша әдіскері М.М Умбеталинова ,  екінші орынды ІІ-сәбилер тобының тәрбиешісі Р.Д Наубаева, үшінші орынды     І-сәбилер тобының тәрбиешісі А.Б Медеева жеңіп алса, қалған тәрбиешілерді ынтландыру сыйлықтарымен марапаттады. Шара соңында Алтынкүл Мырзақұлқызы  тәрбие тал бесіктен, яғни алғашқы білім балаға балабақшадан берілетіндіктен ондағы ұстаздардың жан-жақты білімді, шығармашыл,  ізденімпаз, жаңашыл болу керектігін атап өтіп, осындай шаралардың жиі өтіп тұруына тілектестігін білдіріп, ұжымға алғысын білдірді.

Балабақша тәрбиешісі : Ибраимова Гүлшат Қабылжанқызы

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here