Астана – тәуелсіздіктің жемісі
Халқымыздың қастерлі тәуелсіздігі мен мәңгілік Еліміздің болашағы, тарихи таңдауымыздың сарқылмас арнасының бастауы осы Астана. Ертеңгі ұрпаққа қалдырар, табыстар мирас-мұрамыз да, байлық-базарымыз да — сол ел мен жердің тағдыр талайы. Сонау замандардан ата-бабамыз туын көтеріп, тауға тіккен қуатты мекен, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы халқымыздың даналығын айқындауда.
Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің қазығын қай жағынан алып қарасаң да Қазақстанның орталығы болатын Астанамызға қақты. Сарыарқа таусылмас мұра, себебі ол талайды көрді, талайға төзді. Өткен кезеңдердегі батырлар ерлігіне де, ақ найзалары аспанға шаншыла жеткен айбынды жеңістеріне де куә болды. Енді міне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өшкен — жанып, өлген — тіріліп, кеткен есі түгенделіп, ту қайта желбіреп, жоғалған елдік оралып, құлаған орданың бой көтеруіне де себепші болып отыр.
Осының барлығын ескеріп, қалай тұжырымдасақ та Астана — қазақтың бас қаласы. Астана – біздің де, бізден кейінгі буынның да жадында жарқыраған жұлдыздай есте қалып, еліміздің болашағына әлі талай үлес қосары сөзсіз. Бас қаламыздың замана ағынымен, сәулет өнерінің үлгеріне сай бой түзеген биік те сұлу ғимараттары, қала сұлулығы, өркениеті барлығын тамсандырып, өз алдында бас игізген. Кең жазиралы далада көсілген кемелімен, күміс көлдерімен, Есіл, Нұра секілді қыз бұрымындай тарқатылған өзендерімен өзіне баурайды.
Мәдениеттің дүркіреген кезінде рухани жаңғырып, талайларды тамсандырып, тарих сахнасына жаңа есімдер әкелгені де шындық. Міне, осыдан болар астана барлығымыз үшін — әрқашан салтанаттың қаласы. Тасы өрге домалап тұрған іскер жаңдардың мекені болып көрінеді. Ал, бүгінгі күні Елордамыз әлемдік деңгейде іскерлік байланыстардың күретамырына айналып отыр. Бұл – Елбасымыздың салиқалы саясаты мен көрегендігі, кемел де кемеңгер ойының жемісі, арман — мақсаттарымыздың халық тарихымен сусындата білген ерекшелігінің арқасы. Астана шаңырағы биікке көтерілген алдыңғы қатарлы ең әсем қала.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, Астанамыздың орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың бүгіннен де ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, алда экономикалық, технологиялық ақпараттар тасқының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
Астана – кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеулі жастардың қаласы.
Шаймұрат АХМИЕВ,
11 сынып оқушысы,
Қаспан орта мектебі МДШО.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here