16.04.2018

Алтын қақпа

Таяуда аудандық
кітапхана қызметкерлерінің
ұйымдастыруымен аудандық
кітапхананың оқырмандар
залында Елбасымыздың
«Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру» атты мақаласы
аясында, 10-сынып оқушылары
арасында «Алтын қақпа» атты
интеллектуалды жарыс-ойын
өтті.
Аталмыш шараның мақсаты
— халқымыздың ізгі қасиеттерін,
инабаттылық, іскерлік дағдыларын
қалыптастыру, салт-дәстүрін
бойына сіңіру, білім деңгейін көтеру,
шығармашылық белсенділігін
арттыру, ата мұраны, ата кәсіпті
қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау
қабілетін дамыту, жылдам ойлап,
шапшаң жауап беру, этика,
эстетикалық талғамдарын арттыру,
салт-дәстүрді құрметтеу.
Интеллектуалды ойынға аудан
орталығындағы төрт мектептің
Президенттері – Сарыөзек орта
мектебінен Алмас Омар, Д.Қонаев
атындағы орта мектебінен Назерке
Игібайқызы, №49 орта мектебінен
Бегайым Өмірзақова, Күреңбел
қазақ орта мектебінен Айдана Тойғұлова қатысып, өзара бақ сынасты.
Ойынды жүргізуші Мақпал Жүнісова: «Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте
бай ел. Бұл – оның мәдениетті, тәрбиелі ел екендігін көрсетеді. Белгілі қоғам
қайраткері, заңгер Нағашыбай Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген.
Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры биік ел. Қазақ елі ұлт қасиетін
салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн-жосықпен тәрбиелеп,
ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Осы орайда, қаншалықты салт-дәстүрімізді
білетінімізді және қалай бағалайтынымызды байқау үшін «Алтын қақпа»
интеллектуалды жарыс-ойынын ұйымдастырып отырмыз»,-дей келе, ойын
барысымен таныстырды.
І кезең «Тас қақпа» — «Жігіттің неше жұрты бар», «Бесік жабдықтарын
атаңыз», «Сыбаға деп нені айтады?», «Асар дегеніміз не?», «Ұлыстың ұлы
күні дайындалатын тағамның түрі және оған не қосады?», «Төрт түліктің пірін
атаңыз?», «Жеті қазына», «Жеті ата», «Бала өмірге келгенде, қандай салт-
дәстүр түрлері орындалады?», «Қазақтың дәстүрлі ет тағамдары», «Ерулік
кімге беріледі?» деген сұрақтарға Назерке Игібайқызы, Айдана Тойғұлова және
Алмас Омар нақты әрі толық жауап беріп, келесі кезеңге өтті.
ІІ кезең «Күміс қақпа» — әзіл сұраққа мақалмен
жауап беруде Назерке мен Айдана көп ұпай жинап,
келесі «Мықты болсаң – тауып көр» кезеңіне өтті. Бұл
кезеңде Айдана жеңіске жетіп, «Көне кебеже» атты
ІҮ кезеңге таяды. Экранда көрсетілген ұяшықтардың
бірін таңдап, сондағы берілген тапсырмаға жауап
беруі тиіс болған шешуші кезеңде ол толық әрі
нақты жауап беріп, ойыннан сүрінбей өтіп, жеңімпаз
атанды.
Әділқазылар алқасы – аудандық кітапхананың
директоры Баян Нұрбаева, аудандық «Кербұлақ
жұлдызы» газетінің директор-редактордың
орынбасары Айнаш Мәміленқызы, кітапхана
директорының орынбасары Тұрсынгүл Мұйтынова
және кітапханашы Гүлмира Сұлтанқұлова әділ
бағасын беріп, сыйлықпен марапаттап, оларға
білім мен өнердің биік шыңдарынан көрінулеріне
тілектестігін білдірді.
Жүргізуші Мақпал: «Заман өзгерсе де, ұлттық
салт-дәстүріміз көнермейді, ұлттық мұра қайта
жаңғыра береді. Қазақ халқының әрбір тұжырымды
ойы, мақал-мәтелі, тыйым сөздері – тәрбиенің мол мұрасы. Халқымыздың әдет-
ғұрып, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, келешегіміздің нәрлі қайнарына
айналдыру – баршамыздың борышымыз. Салтын сүйген әрбір жас ұлттық
мұрамыздың жанашыры болады деген сенімдеміз» деп, интеллектуалды
жарыс-ойынды қорытындылады.
Айнаш ҚАСЕНОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

Н Назарбаевтың мемлекетіміздің даму жолындағы еңбегі ерен

  Пікір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттіктен өз еркімен кетуі туралы шешімі…