Алматы облысының туризм басқармасы мен «Парыз» Сарқан ауданының еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жоңғар Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында «Сиверс алмасының гүлденуі» атты фестиваль ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты дүниежүзіндегі алманың атасы саналатын жабайы Сиверс алмасының шығу, таралу тарихын насихаттау арқылы Жетісу өлкесіне, «Жоңғар Алатау» МҰТП-не туристтер ағымын ұлғайту. Фестивальге Қазақстандық туристік компаниялар, шетелдік туристер, блогерлер және республикалық, облыстық БАҚ өкілдері және Сарқан ауданының тұрғындары қатысты. Орташа есеппен 1000 – ға жуық адам қатысқан фестиваль барысында ұлтық нақыштағы қазақ үйлер тігіліп, ішіне мұражайлар орналастырылып, ұлттық қол өнер көрмелері, бал өнімдерінің, емдік шөптердің, сурет, жануарлар әлемінің көрмелер қойылды.

Сонымен қатар,  аталмыш фестивальда ұлттық спорт түрлерінен теңге алу, аударыспақ, арқан тарту және туристтік бағыттағы ойындардан компоспен бағдарлау, уақытқа палатка құру сынды ойындар өткізілді. Жиналған халыққа тегін күріш, бауырсақ таратылып, арнайы сауда саттық орындары қызмет етті.

Шара сонында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, гуманитарлық колледж өнерпаздары және қазақ эстрадасының жас әншісі Даурен Қыдыров өз өнерлерін көрсетті. Қонаққа келген туристік операторлар өкілдеріне, блогерларға, БАҚ өкілдеріне Жоңғар Алатау паркінің аумағында арнайы ақпараттық тур жүргізілді.

Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып Жапония мемлекетінде әйгілі «Сакура» ағашының гүлденуіне жыл сайын миллиондаған туристер ағымы барса, сол сияқты Сиверс алмасының ешкімге ұқсамайтын, бірегей көрінісін ескеріп, аталған алма ағашты тамашалауға арналған фестивальді дәстүрге айналдыру жоспарлануда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here