Жақында аудан орталығындағы «Жастар» спорт
кешенінде Сарыөзек ауылдық «Ақ мешітінің» бас имамы
Бердібек Нұқтарұлының бастамасымен, аталмыш
мешіт жамағатының ұйымдастыруымен Астананың 20
жылдығына және қасиетті Рамазан айының аяқталуына
орай футболдан жарыс өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Болысбай
Тоғысбайұлы Момбаев, «Ақ мешіттің» бас имамы Бердібек
Нұқтарұлы, мешіт жамағаттары мен аудан тұрғындары
қатысты.
Алғашқы сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары
Б.Момбаев алып, жиналғандарды қасиетті Рамазанның
аяқталуымен және еліміздің жүрегі — Астананың 20
жылдығымен құттықтап, осы айтулы мерекелерге
арнап игілікті іс-шара ұйымдастырып отырған Бердібек
Нұқтарұлына, осы шараға демеушілік көрсеткен барлық
мешіт жамағатына алғыс білдіріп, жарысты ашық деп
жариялады.
Ойын тартысты өтті. Алайда «Жүйріктен жүйрік озар
жарысқанда» дегендей, қарсыластарынан оқ бойы оза
шапқан Ішкі Істер Департаментінің құрама командасы
жүлделі І орынды, «Намыс» құрама командасы ІІ орынды, ал
«Заңгер» құрама командасы ІІІ орынды иеленді. Жүлдегер
командалар арнайы сертификатқа және ақшалай сыйлыққа
ие болды.
Сонымен қатар, 10 ойыншы «үздік» деп танылып,
Алғыс xатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Жарысты Сарыөзек ауылдық «Ақ мешітінің» бас имамы
Бердібек Нұқтарұлы қорытындылап, ойынға қатысқан
барлық команда мүшелеріне, шараның жоғары деңгейде
өтуіне үлкен үлес қосқан барлық демеушілерге алғыс
білдірді.
Дина АМАНҚЫЗЫ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here