Басты бет Жолдауға қолдау Дамудың жаңа мүмкіндіктері
02.07.2018

Дамудың жаңа мүмкіндіктері

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10
қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
мақсатында құрылған жалпыұлттық іс-шаралар
жоспарының бекітілуі жөнінде айтылған болатын.
Бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция
дәуіріне, технологиялық, экономикалық және
әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды
өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл
Жолдау жаңа әлемге, яғни, төртінші өнеркәсіптік
революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету
жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.
«Көл көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді.
Елімізде дамудың жаңа сапасы қажет. Ол,
бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция
элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.
Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкінділіктері
де бар. Бұл үшін мынадай міндеттерді
шешуге жұмылуымыз керек, атап айтқанда:
1) Индустрияландыру жаңа технологияларды
енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс; 2)
Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту; 3) «Ақылды
технологиялар» — агроөнеркәсіп кешенін
қарқынды дамыту мүмкіндігі; 4) Көлік — логистика
инфрақұрылымының тиімділігін арттыру;
5) Құрылысқа және коммуналдық секторға
заманауи технологияларды енгізу; 6) Қаржы
секторын «қайта жаңғырту»; 7) Адами капитал-
жаңғыру негізі; 8) Тиімді мемлекеттік басқару; 9)
Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі; 10)
«Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Міне,
алдымызда тұрған 10 міндет осылар.
Біз жаңа заманға сай болу үшін төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи
өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз
керек.
Ж.УРКЕНБАЕВА,
Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі,
аудандық
Әділет басқармасының инспекторы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

Н Назарбаевтың мемлекетіміздің даму жолындағы еңбегі ерен

  Пікір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттіктен өз еркімен кетуі туралы шешімі…