Шанханай ауылдық округінде
орналасқан «Алтынемел»
мемлекеттік мемориалды музейі
1985 жылы 25 қыркүйекте
аса көрнекті ғалым Шоқан
Уәлихановтың туғанына 150 жыл
толу құрметіне орай ашылған
болатын. 33 жылдық тарихы
бар қазақтың ұлы ғалымы,
шығыстанушы, тарихшы,
географ, фольклортанушы,
ағартушы және демократ Шоқан
Уәлихановтың «Алтынемел»
мемориалды музейіндегі
экспозициялық залдарды аралап,
Шоқан пайдаланған заттарды,
хаттары мен күнделіктерін, оның
қаламынан шыққан портреттік
және пейзаждық суреттер нобайын
көре жүріп , жарқырап ағып түскен
шоқ жұлдыздың өмірі туралы
толық мәлімет алуға болады.
Шоқанға арналған романдар
мен повестер, ғылыми зерттеулер,
пьесалар, спектакльдер мен
фильмдер де осы жерде
орналасқан. Публицист, Қазақстан
мен Сібір халықтарының тарихын
зерттеуші Н.М.Ядринцевпен,
көрнекті географ Г. Н.Потанинмен,
ориенталист Н.Ф.Костылецкий,
тарихшы П.В.Гонсевский,
Н.Ф.Анненскиймен, сондай-ақ
қазақ даласына жер аударылған
П . П . С е м е н о в — Тя н ь — Ш а н с к и й ,
С.В.Дуров, Е.П.Ковалевский,
Ф.М.Достоевский сияқты
жазушылар мен жақсы қарым-
қатынаста болып, белгісіз
Азия туралы алғашқы ғылыми
деректерді жазып шыққан
Шоқан, Қашқария сапарынан
соң саяхатшы ретінде әлемге
танылды. Ыстықкөл немесе Құлжа
сапарынан кейін ол тек географ,
экономист, этнограф қана емес,
сонымен қатар, туған халқының
тағдыры айрықша алаңдататын
өркениеттер тоғысында тұрған
адам ретінде соңына мол мұра
қалдырды.
Міне, осындай аты аңызға
айналған ұлы тұлғаға арналған
музейді аралап, қабірінің
басына барып дұға оқып, тәу
етушілер бүгінде аз емес.
Солардың бірі, бірегейі бір
кездері дастарханымыздан
ысырылып, шетке шығарылып,
ұмыт бола бастаған, жылқышы
ауылдан болмаса жай қазақтың
үйінен табыла бермейтін ұлттық
тағамымыз қымызымызды қайта
дастарханымызға қоюға себепші
болған — Серік Әбікенұлы Үмбетов.
«Жамбыл облысының әкімі жаппай
қымызханалар ашуға ұйытқы
болыпты» дегенді естіп жүрген
кезде, сол қымызханалар Серік
Әбікенұлы Алматы
облысының әкімі
болып тұрған кезде
облыс орталығы
Т а л д ы қ о р ғ а н
қаласында да
жаппай ашылып,
халыққа қызмет еткен
еді. Сол кездері
шөлін басарға түк
таппағаннан сыраны
сіміре ішіп ,тойып
алатындар, біртіндеп
қымызханаларға да
бет бұрған болатын.
«Жомарт жан-
жағына шашып
жейді» демекші,
ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты
Серік Үмбетов
осы ауылдың
тумасы, көптеген жылдар бойы
ауылдың көркеюіне үлес қосқан
облысымыздың, ауданымыздың
Құрметті азаматы Төленді
Сарыбаевтың 80 жасқа толуы
құрметіне орай оның иығына
шапан жауып, игі тілегін білдірді.
Өзінің адал еңбегімен
сатылап өсіп, ел басқардым
деп көкірегін кермей,
қашанда өзгелерге
қарапайымдылығымен
үлгі болған ел ағасы
кісілігінен жазбай,
бір жылдары өзімен
студенттік аудиторияда
бірге отырған Тоқтали
Үмбетжановты көпшілік
ішінен жазбай танып,
қол алысып, құшақтасып
амандасып жатты.
Кісілігімен де, кішілігімен
де, жүріс-тұрысымен,
білгірлігімен, сөйлеу
м ә н е р і м е н
жиналғандарды
тәнті еткен
Серік Үмбетов
а у д а н н ы ң
ақсақалдарымен
тарих туралы
сыр шертіп,
алғашқы шаруа
қожалықтары туралы
білгенімен бөлісіп,
Елбасының «Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру»
б а ғ д а р л а м а л ы қ
м а қ а л а с ы н ы ң
маңыздылығына тоқталып,
еліміздегі мемлекеттік
б а ғ д а р л а м а л а р д ы ң
орындалуын сөз етті.
Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаевтың
тапсырмаларының қалай
жүзеге асырылып жатқандығын
айтып, еліміздің жеткен
жетістіктерінің барлығы елдегі
береке-бірліктің, қажырлы
еңбектің жемісі деген бағасын
берді ел қалаулысы.
— Е л б а с ы н ы ң
тапсырмасымен осы өңірге
келіп жатырмыз. Жаңа
Қапшағай қаласында
болып, енді міне, Кербұлақ
ауданына келіп отырмыз.
Негізі мал шаруашылығымен,
егін шаруашылығымен
айналысатын Кербұлақ
ауданының айтып өтер
ерекшеліктері көп. Соның
ең бастысы қазақилықтары
десем артық айтқандық болмас
еді. Шоқан атамыздың ескерткіші
тұрған жерге келіп, музейін аралап,
ж ә д і г е р л е р м е н
танысып, тамашалап
жүріп ескерткіштің
әдемі жерге
орналасқандығына
еріксіз сүйсінесің.
Міне, осы ескерткішке
қарап отырып,
қазақтың әдебиетіне,
мәдениетіне деген
с ү й і с п е н ш і л і г і н ,
ұ л т ж а н д ы л ы ғ ы н
көруге болады.
Елбасы ауылдан
шыққан азаматтарды,
өңірден шыққан
а з а м а т т а р д ы
мұғалім, әскери
қызметкер болсын,
елге танымал
а з а м а т т а р д ы ,
ауылдың жастары білуі керек,
— деген болатын. Осы өңірде
қызметте жүргенде 14-15 ескерткіш
орнатуға ұйытқы болдық.
Қабанбай атаға, Ескелді, Қаблиса,
Балпық аталарға, Райымбек
Наурызбай, Сұраншы Саурық
атаға Нұрғиса Тілендиевке,
Балғабек Қыдырбекұлына
ескерткіштер орнатып, Сара
апамыздың ескерткішін қалыпқа
келтірдік. Мұның барлығы біреудің
атын шығару емес, барымызды
келешекке қалдыру.
Тағы бір мәселе — тіл мәселесі.
Біздің балаларымыз ана тілін
сүйіп, жетік біліп өсулері керек.
Бірақ, өмірде солай ма? Әсіресе,
қызметте жүргендердің көпшілігінің
балалары тілді біле бермейтіні-
жасыратыны жоқ, шындық.
Жастарымыз, балаларымыз
әдебиетті, мәдениетті білуі
керек, тілді меңгеруі тиіс. Тіл —
біздің келешегіміз,- деді халық
қалаулысы.
Ауданда салынып жатқан
цемент зауытының аудан халқы
үшін пайдасының зор екендігіне
тоқталған Серік Әбікенұлы
ауданымыздың әкімі Махаббат
Бигелдиевтің өнерге, мәдениетке
деген көзқарасы туралы сөз
қозғап, еңбекқор жанның ауданның
әлеуметтік-экономикалық дамуына
қосатын үлесінің де ауқымды
болатындығына сенімді екендігін
жеткізді.
«Жақсыменен өткізген жарты
сағат — жаманның өтіп кеткен
өміріндей» демекші жақсылыққа
жаны құмар жақсы аға – Серік
Әбікенұлы Үмбетовпен аудан
тұрғындары қимай қоштасты.
Ләйлә ЕСКЕНДІРҚЫЗЫ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here