Басты бет Бас мақала Алматы облысында мемлекеттік қызмет орындарына бәсекелестік артуда
10.10.2018

Алматы облысында мемлекеттік қызмет орындарына бәсекелестік артуда

 

Ағымдағы жылы 1200 мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курстары жоспарланып,оның 927-сіоқу курстарын аяқтаған. Бұл туралыӨңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Халықпен сапалы және шұғыл кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы 2018 жылдың басынан жүзеге асып, осы күнге дейіноған 40-тан астам өтініш келіп түскен. Оның басым көпшілігінқұқықтық көмек сұрағандар мен  тұрмыстық-әлеуметтік жағдайға қатысты сауалдар құрайды.

«Елбасы Н.Ә.Назараев өз жолдауында «Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі», деп айтқан болатын.Мемлекеттік қызметтің  жаңа стилі қалыптасуы тиіс, ол сапалы қызмет көрсету мен өзін-өзі жетілдіру қағидатына негізделетін болады. Мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттыру, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды тарту мақсатында елімізде біршама жұмыстар жүргізілуде.  Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі. Биылғы жылы 4 мемлекеттік орган қызметшілеріне пилоттық жоба шеңберінде жалақы төленді. Оның факторлы балдық шкала негізіндегі белгіленген бөлігі бонустардан тұрады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысыСерікбай Өрікбайұлы.

Жиында сонымен бірге, облыстағыкөшпелі қабылдау пунктері ретінде қызмет ететін «Парасыз болашаққа бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтардың жұмысы сөз етілді. Бүгінге дейін мобильді топтар 1034 еңбек ұжымында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізіп, 89 мыңнан астам адамды қамтыды.

Айта кету керек, бүгінде халыққа 7,5 миллионнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 65%-ы электронды  форматта жүзеге асады. Бұл көрсеткіш 2020 жылға дейін 90 %-ды құрамақ.

 

                                                           Меруерт Махмұтжан

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

Н Назарбаевтың мемлекетіміздің даму жолындағы еңбегі ерен

  Пікір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттіктен өз еркімен кетуі туралы шешімі…