Басты бет Бас мақала Елбасы салған сара жол- жастарға өнеге
18.10.2018

Елбасы салған сара жол- жастарға өнеге

Елбасы салған сара жол- жастарға өнеге

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімгерлері «Елбасы жолы» танымдық-тарихи саяхатына аттанбақшы.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындаЖМУ-дыңТәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы Еркебұлан Немелбаевбаяндады.

«Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экспедиция жастарды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүріп өткен жолымен, туып-өскен жерімен таныстыруға мүмкіндік береді. Сол себепті де ол «Елбасы жолы» деп аталды. Іс-сапар алты бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша, алдымен, Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округінің Анаға құрмет музейімен танысамыз. Содан кейін, Қарасай ауданындағы бірқатар тарихи музейлер мен Наурызбай, Қарасай батырларымыздың ескерткіштеріне барып, Елбасы оқыған мектепке және «Тұңғыш Президент» саябағына саяхат жасаймыз. Бұл біз ұйымдастырған соңғы саяхат емес, алдағы уақытта әлі де танымдық саяхаттар ұйымдастырамыз»,-деді Е.Немелбаев.

Сонымен қатар, жиын соңында Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Арнай Байжұрынов комитеттің жұмысына шолу жасап, оның университет өмірінде алатын орны туралы айтып өтті.

-Бәріңізге белгілі, Ұлт көшбасшысы алдағы 2019 жылды «Жастар жылы» деп атап көрсетті. Бұл жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған шараларды жүзеге асырып, оларға жан-жақты қолдау көрсетуге септігін тигізеді. Осы орайда университеттің белсенді жастарының қатысуымен экспедицияға аттанбақпыз. Жастар ісі жөніндегі комитет білімгерлердің университет өміріне белсенді араласып, қоғамдық өмірмен байланысын қамтамасыз етеді. Келер жылы университетімізде бірқатар жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде 250 орындық, заманауи талаптарға сай жатақхана салынбақшы. Сондай-ақ,жастардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ететін жабық жүзу бассейнінің құрылысы басталды. Алдағы жылы Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, білімгерлерге тегін қызмет көрсететін Жастар медициналық орталығы ашылады. Біз жастар тарапынан әлі де көптеген бастамаларға себепші боламыз,-дейді ол.

Айта кету керек, аталған саяхатқа Жетісу мемлекеттік университетінің ең үздік 14 студенті таңдап алынған. Және олардың қатысуымен алдағы уақытта университет қабырғасында кездесу ұйымдастырылып, саяхаттан алған әсерлерімен бөлісетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

Н Назарбаевтың мемлекетіміздің даму жолындағы еңбегі ерен

  Пікір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттіктен өз еркімен кетуі туралы шешімі…