Басты бет Жаңалықтар Табысты көшбасшы
19.11.2018

Табысты көшбасшы

 

 

 

«Мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай болмақ» демекші ауданымызда мектеп басшыларының арасында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» атты директорлар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты шағармашылық бағытта жұмыс істейтін, озық іс-тәжірибесі, жетістіктері бар мектеп басшысын анықтау. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әр мектеп басшыларының таныстыруы, екінші кезеңде мектеп модельі қорғалып, үшінші кезеңде «Мен табысты басшымын» тақырыбында бейнеролик өз көрінісін тапты. Осы байқауға білім беретін мекеменің заманауи басшысы – ерекше шешім таба алатын, ақылымен, мәдениеттілігімен, кәсіби біліктілігімен, тіпті келбетімен де өзіне тартатын, шығармашылық идеялардың, инновациялардың генераторы — мектебіміздің директоры Дастан Есіркесінұлі Ешкенов қатысты.

Байқаудың үш кезеңі бойынша Қаспан орта мектебі МДШО КММ директоры Дастан Есіркесінұлі Ешкенов өзінің табысты, білікті, білімді, тәжірибелі басшы екендігін жоғарғы деңгейде көрсете отырып, аудандық бауқаудың жеіңімпазы атанды. Мектеп басшыларының арасында үздіксіз ізденіс, тұрақты байланыс, елеулі еңбек, нәтижелі жұмыс арқасында облысқа жолдама алды.

Облыстық ең үздік «Білім беру ұйымының табасты көшбасшысын» анықтау 7 қарашада Талдықорған қаласындағы №19 білім шаңырағында жалғасын тапты.

Байқауға әр ауданнан таңдаулы басшылары қатысты. Байқау бес кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде тест сұрақтар, екінші кезең таныстыру, үшінші кезең мектеп моделі, төртінші кезең жағдаят, бесінші кезең бейнеролик.

Әр кезеңде барысында Қаспан орта мектебінің директоры Дастан Есіркесіұлы өз жетістіктеріне тоқтала келіп өте жоғары бағамен бағаланып отырды. Жиналған ұстаздардар қауымы, әділқазы алқалары директорымыздың көшбасшылық қабілетіне, өзін – өзі ұстауына, сөйлеу шеберлігіне, нәтежиелі жұмысына тәнті болды. Мектеп басшысы жауапкершілігі зор, өз әрекетінде істі аяқтауға деген табандылығын, мәселелерді шешуде сенімділігін, қиындықты жеңе білетін белсенділігін көрсете білді.

Мектептің жалпы ұстанған бағыт-бағдарын айшықтап берді. Осы байқауда Күреңбел ауданы, Қаспан орта мектебінің намысын қорғап, облыс орталығындағы «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» атты ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Әділқазы алқалсымен әріптестері Дастан Есіркесінұлының бұдан да жоғары биіктерді бағындыратынына сенім артты.

Мектебіміздің басшысы Дастан Есіркесінұлына творчествалық табыс тілей отырып, биік белестерді бағындыратынына үлкен үмітпен қараймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

Н Назарбаевтың мемлекетіміздің даму жолындағы еңбегі ерен

  Пікір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттіктен өз еркімен кетуі туралы шешімі…