Басты бет Жаңалықтар «Мен үшін жаңа латын әліпбиін үйрену оңай болды», — дейді 63 жасар әже
20.11.2018

«Мен үшін жаңа латын әліпбиін үйрену оңай болды», — дейді 63 жасар әже

 

 

Алматы облысында латын графикасы негізіндегі байқауында 63 жасар әже жаңа латын әліпбиінде диктант жазып, ұйымдастырушыларды таң қалдырды.

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні барша қазақстандықтар жаңа латын қаріпі бойынша Жалпыхалықтық диктант жазды. Шараның мақсаты латын негізді әліпбиді, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу болып табылады.

Аталмыш шараға, 15 жастан жоғары барлық азаматтар тартылып, жалпы 1 млн. 530 мыңға жуық адам қатысқан. Ауқымды жарысқа облыстан шамамен 120 мың халық бақтарын сынаған.

«Шалқар», «Қазақ» радиоларымен emle.kz сайтында және тағыда басқа жерлерде дыбысталған мәтін, 90 сөзді құрап, ұзақтығы 30 минутқа созылған.

20 немере сүйіп отырған Әділқан Исаның айтуынша жаңа латын әліпбиін үйрену ол үшін қиынға соқпаған.

«Ұлт көшбасшысының жаңа латын әліпбиіне көшу туралы мақаласымен танысқан сәттен бастап, болашақта немерелерімнің сабағына керек болады ғой, деп оқи бастадым. Меніңше, бұранғы әліпбиден қарағанда жазылуы жеңілдеу және жатталуы да оңай. Және де барлық қазақстанды осы жазуды меңгеруге шақырамын. Жаңа жазу – өркендеудің негізі»,- дейді ол.

Айта кету керек, алдағы уақытта алпысты алқымдаған әже, өзінің балаларымен таныстарына осы қаріпті үйретуге ниетті.

Меруерт Махмұтжан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

Н Назарбаевтың мемлекетіміздің даму жолындағы еңбегі ерен

  Пікір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттіктен өз еркімен кетуі туралы шешімі…