Ата-бабаларымыз төрт түлік мал өсірген халық, бүгінгі заманда осы дәстүр сақталған, күнделікті тұрмыста төрт түлік мал азық үшін де, шикізат үшін пайдаланылып келеді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (қысқаша — АЖБ) — ауылдық округтер, аудандар, облыстар жалпы алғанда республика бойынша жеке нөмір беру арқылы жас төлді тіркеу және мал басын есепке алу жүйесі. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру — мемлекеттік маңызы бар шара.
Қазіргі уақытта АЖБ жүйесі ауыл шаруашылығы өндірісінің, соның ішінде, мал шаруашылығының ажырамас бөлігі болып табылумен қатар, саланы дамытуға өз үлесін қосуда. Төрт түлік мал сатылады, сатып алынады, үшінші тұлғаларға бордақылау үшін беріледі, жазда жайылымға шығарылады және т.б. Осы орайда малдың кез келген орын ауыстыруы, бірінші кезекте түрлі қауіпті ауруаларды тарату мүмкіндігімен қауіпті екені баршамызға белгілі. Малдарды бірдейлендіру арқылы олардың нақты есебін алу, дер кезінде мал дәрігерлік көмек көрсету, уақытында жұқпалы мал ауруларына қарсы егу, диагностикалық шаралар жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бірдейлендіру шаралары мал ұрланған жағдайда да өз тиімділігін көрсетті.
Үгіт насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін және Алматы облысы прокуратурасының алқа отырысы және заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесі хаттамаларымен берілген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппараты аудандық ветеринария бөлімінің қызметкерлерімен, ветеринариялық станция мамандарымен, мал дәрігерлерімен, шаруа қожалығының басшыларымен, жеке қосалқы шаруашылығы бар азаматтардың қатысуымен жиналыс ашты. Малды бірдейлендіру, вакцинация, мал иелерінің мінтеттері мен құқықтары және мал ұрлығының алдын алу мәселелері қарастырылды. Жиналыс барысында мал шаруашылығына байланысты сұрақтар қойылып, біразы оң шешімін тапты.
Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here