Талдықорғанда, «Көшбасшы-2018» жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Жүлде қоры былтырғыдан қарағанда анағұрлым өскен бұл байқауға 200-ге жуық жас қатысып, оның 19-ы үздік деп танылған.

Жастарды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, әр қайсысына 250 мың теңге сертификат пен естелік статуэткаларын табыс етті.

«Биылғы «Көшбасшы» сыйлығын тапсыру ерекше жағдайда өтіп отыр. Президентіміз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, 13 қарашада тиісті жарлыққа қол қойғаны белгілі. Баршаңызды осы тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Президентіміздің тапсырмасына орай облысымызда жастар саясатының жемісті жүзеге асуы ерекше бақылауда. Бұл бағытқа бөлінетін қаржы көлемі жылдан жылға артып, 2018 жылы 565 млн. теңгені құрады. Елімізде алғашқылардың бірі болып, Талдықорғанның төрінен Жастарға қызмет көрсету орталығы салынды. Жастарға қызмет көрсету, коворкинг және тағы да басқа алаңдар құрылып, жастардың бас қосып, өз мәселелерін шешуге мүмкіндік алды», — дедіол.

Еске сала кетейік, аталмыш шараның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырып, жастардың қоғамдағы беделін арттыру, түрлі салада қызмет етіп, көптеген нәтижелерге қол жеткізгендерді ынталандыру.

Сонымен, «Көшбасшы-2018» олар: «Үздік жас журналист» номинациясын Жетісу телеарнасының тілшісі Мәдина Берікова, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» аталымы Алматы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы Сәкен Түкібаевқа бұйырса, «Үздік жас әскери қызметші» — Іле ауданы 2177 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ришат Дантаев, «Үздік жас кәсіпкер» — «Qprint» полиграфиялық полиграфиялық қызмет көрсету орталығының директоры Диас Қилыбаев, «Үздік жас спортшы» — Талдықорған заң колледжінің 3-курс студенті Анель Құдайберген, «Үздік жас өнерпаз» — Жамбыл ауданы «Сүйінбай сазы» фольклорлы — этнографиялық ансамблінің жеке дауыстағы әншісі Ақбота Серікболова, «Үздік жас ғалым» — І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің докторанты Бархудар Гусенов. «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы» — Қарасай ауданы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің кіші ғылыми қызметкері Рахия Елназарқызы, «Үздік жас отбасы» — Козбековтар отбасы, «Үздік жас дәрігер» — Еңбекшіқазақ ауданының орталық аруханасының терапевт дәрігері Азамат Аубакиров, «Үздік жас ұстаз» — І.Жансүгіров

атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы Азамат Тлеубаев. «Үздік ерікті» — Алматы облысы пікір-сайыс одағының төрағасы Ержан Даулетбаев, «Үздік студент» — Панфилов ауданы Жаркент гуманитарлық -техникалық колледжінің студенті Айжан Тұрғанбаева, «Жас батыр» — Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Ельдар Абдиев, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының үздік сарбазы — І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 2 курс білімгері Меліс Аукенов. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы — Талдықорған қаласы, №14 орта мектептің 9-сынып оқушысы Бауыржан Қадырханов, «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» — Ақсу ауданы Қапал ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Мейрамбек Рахимбаев, «Аудандық жастар ресурстық орталығының үздік маманы» — Сарқан ауданы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аслан Күбентаев және «Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы» номинациясына «Алматы облысы студенттерінің одағы» ЖҚБ төрағасы Елдар Сапаровқа табысталды.

Алакөл ауданында екі бүлдіршінді өрттен құтқарған, «Жас батыр» номинациясының иегері, Ельдар Абдиевтың айтуынша, ол мұндай сыйлыққа ие боламын деп ойламаған.

«Бүгінгі күн мен үшін ерекше. Іште толқыныс сезімі тулап тұр. Өйткені, «Жас батыр» деп танылу үлкен жауапкершілік. Болашақта өзіме нағыз батырлықты, күш жігерді ұштай түсетін «құтқарушы» мамандығын таңдап отырмын»,-дейді батыр.

Айта кетейік, Жалпы бүгінгі күні Жетісу өңірінде 418 мыңнан астам жас бар, олардың 332 мыңы ауылдық жерлерде тұрады. Биылғы көшбасшыда ауылдық жастарға да ерекше мән беріліп, үздіктер қатарына қосылған

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here