Аймағымызда келешек ұрпақтың саналы азамат болып жетілуі үшін толымды тірлік жасалып жатыр. Сондай игі бастаманы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі де қолға алып отыр. Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында балалардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында №28-ші IT мектеп-лицейінің 1 сынып оқушыларына журналистер үйін таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырды. Алтын адам, Барыс, Алма кейіпіне енген кейіпкерлер телетүсірілім алаңың, жаңалық және бағдарлама жүргізушілерімен сондай-ақ режиссер, оператор мамандарының жұмысымен таныстырды.

Бүлдіршіндер көгілдір экранның ар жағындағы өмірмен танысып, көкейлерінде жүрген сұраққа жауап алды. Әсерлі күннен кейін балалардың көбі журналистика саласына қызығушылық танытып, болашақта осы салада еңбек еткісі келетіндерін де жасырмады. Тіпті, бағдарлама сахнасында тілші боламын деген бүлдіршіндер өз өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Солардың бірі 1 сынып оқушысы Қади Санжар.

Биік боп көздегені, Бірлік боп іздегені Халқымның көшбасшысы Жастарға ол сенеді Уәдені біз сақтаймыз Біз жастар құр жатпаймыз Үмітін елбасының Шынында біз ақтаймыз

Көзіміздің қарашығындай бүлдіршіндердің болашағын баянды ету, перзенттеріміздің ертеңі үшін еңбек ету бұл барша адамзатқа ортақ парасатты парыз деп білемін. Болашағымыз саналатын балаларымыз спортта да, өнерде де, өмірде де жақсы жетістіктерімен қуантып, аймағымыздың атын шығара берсін, жан-жақты ұрпақ болып өсуі үшін осындай танымдық саяхат сабағын ұйымдастырдық. Кейіпкерлерді киіндірудегі мақсатымыз Елбасы жолдауын бүлдіршіндерге түсінікті әрі қызықты тілмен түсіндіру,-дейді шара ұйымдастырушысы Ж.Сержанқызы.

Айта кету керек, шара соңында оқушылар 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай түсірілген мультфильмді тамашалап, сұрақтарға жауап берді.

Балжан Жұманбекова

 

«Сказочный мир в доме журналистов»: В Талдыкоргане прошла познавательная экскурсия для детей

В Алматинской области создаются все условия для успешной самореализации будущих поколений. В рамках статьи Главы государства «Семь граней Великой степи» и в целях повышения творческих способностей детей в Доме журналистов была организована экскурсия для учащихся 1-го класса IT-школы-лицея №28. Специально для детишек аниматоры в сказочных костюмах Золотого человека, Снежного барса и других персонажей в познавательно- развлекательной форме рассказали о профессии «Журналист».

Так, школьники узнали над чем работают режиссеры, операторы, ведущие телевизионных площадок, новостей и программ. Юные гости познакомились с «жизнью» за голубым экраном, а также получили ответы на все интересующие вопросы.

«Мне очень понравилась экскурсия. Мы узнали много интересного. В будущем я бы хотел стать знаменитым телеведущим. Для этого мне нужно много учиться и читать», — восторжено сказал ученик первого класса, Санжар Кади.

После впечатляющей экскурсии многие из ребят не скрывали интерес к журналистике и изъявили желание в будущем трудиться в этой сфере. А самые смелые ребята, которые мечтают стать ведущими телевизионных программ, удивили всех выразительным чтением стихов.

«Наш общий долг позаботиться о будущем подрастающего поколения. Необходимо приложить все усилия, чтобы дать возможность детям развиваться в различных направлениях. Уже сегодня мы должны задуматься о воспитании в детях лучших качест, чтобы завтра наша страна и регион могли гордиться талантливым поколением. В целях объяснения Послания Главы государства на понятном и интересном для детей языке, мероприятие представлено с помощью героев в костюмах»,- сказала организатор мероприятия, Жанна Арынбекова.

Айгерим Сарымсаков

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here