Басты бет Бас мақала Әкім брифингі
12.12.2018

Әкім брифингі

Алматы облысында бүлдіршіндердің 98% — ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған

Алматы облысы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жолында бір қатар жұмыстар атқарған. Айтап айтқанда, биылғы жылы білім беру мекемелерімен қамтамасыз ету деңгейі 98% — ды құраған. Жалпы облыста 616 балабақша, оның ішінде 433 жеке меншік меншік.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, білім беру саласында үш ауысымды оқытуды түбегейлі жою маңызды.

«2017 жылдың басында 49 үш ауысымды мектеп бар балатын. Осы мәселе аясында облыста » Нұрлы Жол » бағдарламасы бойынша 33 мектеп салынды. Алайда, бала туудың жоғары деңгейін ескере отырып — 50 мың бала және ішкі көші-қон, оқушылар контингенті жыл сайын 20 мыңға дейін өседі. Қосымша бөлінген қаражат есебінен өңірде жаңа мектептер салынуда», — деді ол.

Сонымен қатар, демографияның өсуіне байланысты өткен жылы 13 жаңа үш ауысымды мектеп пайдалануға берілсе, биыл 11 білім ордасы құрылды. 2019 жылы пайдалануға берілетін 8 мектептің құрылысы бітуге дайын. Және де, Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында аталған қосымша бөлінетін қаражат есебінен кезең-кезеңмен жаңа мектептер салынатын болады.

Алматы облысында балалар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінетінін атап өту қажет. Бүгінгі күні білім беру ұйымдарының 1092-сі, яғни 72% — на бейнебақылау камералары орнатылған, 2019 жылы қамту аумағы 100% — ға жеткізілмек

Алматы облысы Қазақстандағы туристтік ағымының үштен бірін құрайды

Биыл, Алматы облысына 2 млн. турист келген, оның 1 миллионнын Алакөл жағалауында демалушылар құраған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Қазақстанда туристік ағымының үштен бірі Алматы облысына тиесілі. Жетісу жері өзіне туристтерді жетелейтін барлық байлыққа ие. Яғни, ұлттық паркттер, биік шыңдар, мөлдір таза көлдір мен өзендер және кенжелей, бірақ ерекше қарқынмен дамып келе жатқан агротуризм саласы. Және де облыста туризмнің барлық түрлерін қолдануға болады. Мәселен, сакралдық, экологиялық, мәдени-тарихи, кемпингтік, гастрономиялық, аңшылық, этнографиялық және әлеуметтік-экономикалық. Осы арқылы туризм өркендеп қана қоймай, облысқа түрлі инвестиция тартылып, жаңа жобалардың тууына себепші болмақ.

-Биыл біз туризм саласында бірнеше жұмыстар атқарды. Яғни туристтік орындарға жол салыну, инфрақұрылымын көтеру, жағалауға керекті жаблықттарды орнату және қызмет көрсету салсын көтеру. Бұл жұмыстар әле пысықталып, одан әрі жақсартыла бермек. Ол үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевта ерекше көңіл бөлуде — дейді Амандық Баталов.

Айта кету керек, жақында Көлсай көлімен Шарын каньонына дейін жол салынып, Балқаш көліне дейінгі жолдарды қайта жаңарту бойынша ірі жоба (140 км) іске асырыла бастаған

Келер жылы Алматы облысында 3000 пәтер пайдалануға беріледі

«7-20-25» бағдарламасы еліміздің жылжымайтын мүлік нарығына жаңа серпін берді. 2019 жылы қаржыландырудың барлық көзі есебінен 763,1 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызу жоспарланып отыр. Талдықорғанға соның 120 мың шаршы метрі тиесілі болмақ. Облыс орталығы тұрғындарының баспанаға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы кезекте тұрғандар үшін 570 пәтер беріледі.

Алдын ала төлемді төмендету үшін жыл сайын құны 1 млдр. теңгені құрайтын сертификаттарды денсаулық сақтау қызметкерлері, мұғалімдер мен полиция қызметкерлеріне бөлу көзделген. Сонымен қатар “7-20-25” бағдарламасы аясында коммерциялық тұрғын үйлерден 3000 пәтер салынады. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары Алматы облысының халқын қолжетімді баспанамен қамтуға ықпал етіп жатыр.

Алматы облысында ашық аспан астындағы мұражайлар бой көтермек

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облысында үш жүзден астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Мәдени, рухани құндылыққа ие болатын жобалардың әрқайсысы «Туған жер» бағдарламасын белсенді іске асыру мақсатында жүзеге асырылмақ.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру аясында «Жетісудың жеті кереметі» аспан астындағы ашық мұражаларын ашу, ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында «Жетісудың жеті өнері» ат жарысы және «Алма алқабын гүлдендіру» туристік фестивалі ұйымдастырылады.

Ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін шетел мұрағатын зерделеу барысында 50-ден астам жоба жүзеге асырылатын болады. Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институты мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге «Жетісу туралы араб, түрік және парсы көздері» экспедициясы өткізіледі.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Өлкетану» тақырыбында челлендж, вайн-инфо, квест байқауы жарияланатын болады

 

Алматы облысында 440 мың тонна тәтті түбір жиналды

Биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасының алқабы 11 мың 200 гектарға себіліп, жалпы өнім 32 проццентке өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Жиын барысында облыс әкімі қант қызылшасы өндірісін жандандыру Мемлекет басшысының Алматы облысының алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Осы тапсырма аясында елді қантпен қамтамасыз етуде жыл сайын өндірілетін қант қызылшасының көлемін арттыру қажет. Бұл орайда мемлекет тарапынан едәуір қолдаулар көрсетіліп, алқаптарды ұлғайту мен қант қызылшасының өнімділігін арттыруға қа

Алматы облысында 306 инвестициялық жоба іске қосылды

Экономикалық өсудің пәрменді құралдарының бірі ол – инвестициялық жобалар. Жетісу өңірінде осындай жобалардың іске асырылуы жақсы қарқын алуда. Қазіргі уақытта Алматы облысының қоржынында жалпы құны 5,7 трлн.теңгені құрайтын 306 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Осындай жобалардың көмегімен облыста 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

«Аталған 306 инвестициялық жобаның 9 — ы трансұлттық компаниялар және 44-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда. Кеше ғана өңірде «Ролтон» брендтік аттымен өз логистикалық және қоймалық инфрақұрылымы бар өнім шығаратын «МаревенФуд» зауыты іске қосылды- деді ол.

Аймақ басшысының айтуынша, аталған зауыттарда өндірілген өнімдердің 80% — ы Орталық Азия елдеріне экспортталатын болады.

Сонымен қатар , Алматы облысының Іле ауданында»WILO» энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыттың іске қосылуының нәтижесінде 50-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Дәл осындай инвестициялық жоба «Лукойл» Ресей компаниясы «ақылды» қойма мен өндірістік желінің толық автоматтандырылған жүйесі өз жұмыстарын бастады.

Барлық кәсіпорындар инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілетін, 6 индустриялық аймақта орналасқан. Мұнда 4,6 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін 49 жоба іске қосылған.

Сондай-ақ. «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы өңірдің экономикалық өсуіне әсер ететін жеке объектілер болып саналады. Оның аумағында 470 млрд.теңге сомасында құрылған 12 жұмыс орны өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Айта кету керек, ағымдағы жылы инвестиция өсімі 570 млрд. теңгеден асады деп күтілуде, оның 80-% бюджеттен тыс

Алматы облысында 40 кәсіпорын толық модернизациядан өтті

Ағымдағы жылы облыста 40 кәсіпорын жүйелі жаңартудан өтіп, соның нәтижесінде экспорттық тауар айналымы 23,5% — ға артқан. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

«2018 жылы өңірдегі отандық кәсіпорындардың тауар эспорты айтарлықтай көтерілді. Айналым көлемінің артуына себепші болған – жүргізілген базалық өзгерістермен жаңартулар. Облыста, негізінен барлығы 21 кәсіпорын өз өнімдерін экспорттайды. Алдағы уақытта, мұдай зауыттар санын ұлғайып, экономика өсімінің пайыздық шегін еселей тұсу жоспарланып отыр,- дейді өңір басшысы.

Сонымен қатар, республика бойынша барлық кәсіпорындар 10 тауар түрін импорттайды. Оның ішінде 7 өнім түрін жетісу өндірушілері шығарады. Негізінен, зауыттардың басым бөлігі азық-түлік және сусын тауарларын шығарады. Мысалы, «Фудмастер», «Адал», «Раймбек Агро», «Данон», «JLC Сүт» компанияларының сүт өнімдері бүгінде, республиканың барлық өңірлерінде үлкен сұранысқа ие.

Айта кету керек, биыл өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 870 млрд. теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 75 млрд.те

40 предприятий Алматинской области прошли модернизацию

В текущем году экспортный товарооборот увеличился на 23,5 %, что составило 247, 2 миллиона долларов. Положительный прогресс наблюдается благодаря проведению модернизации 40 предприятий региона.

«В области в 2018 году 40 предприятий прошли полную модернизацию, обновили базу, что позволило им повысить свой товарооборот на 23,5 %. Всего в области 21 предприятие экспортируют свою продукцию, но их количество увеличится. У предприятий Жетысу есть возможность еще больше увеличить экспорт и заняться импортзамещением за счет дополнительных средств, в сумме 1 триллион тенге, которые ранее были озвучены в послании Главы государства»,- проинформировал аким Алматинской области Амандык Баталов на пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций.

Стоит отметить, что из топ 10 импортируемых товаров обрабатывающей промышленности республики, наши предприятия выпускают 7 видов. А половина обрабатывающей продукции является продуктами питания и напитков. Например, молочная продукция компаний «Фудмастер», «Адал», «Раймбек Агро», «Данон», «JLC Сут» пользуется большим спросом во всех регионах республики.

По словам Амандыка Баталова, планируется также увеличение объема производства. По сравнению с прошлым годом, показатель увеличится на 75 миллиардов тенге и составит 870 миллиардов тенге.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

Н Назарбаевтың мемлекетіміздің даму жолындағы еңбегі ерен

  Пікір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттіктен өз еркімен кетуі туралы шешімі…