Үстіміздегі жылдың 4-тоқсанына арналған жедел-профилактикалық іс шарасының іске асыру мен, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 25-ші қарашадан 10-шы желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты 16-күн зорлық-зомбылықсыз» атты акциясы өткізіледі. Акцияның басты мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оны жою, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге бағытталған жүйені қалыптастыру болып табылады.

Аталмыш акцияға мүдделі мемлекеттік органдары. Акция барысында мүдделі мемлекеттік органдар мен үкімет емес ұйымдармен бірлесіп әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың себептерін және жағдайларын анықтау. Сонымен қатар Кербұлақ аудандық Аудандық ауруханада мен Халыққа қызмет көрсету орталығы түсіндіру жұмыстары жүргізілді бірге «кадет» сыныбының оқушыларымен кітапшалар таратылды және халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді, отбасында көптеп кездесетін келеңсіздіктердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді Аудандық ауруханаға, Нұротан, білім бөліміне, Қазақтелеком, Қазпочтада түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның басты мақсаты дәстүрлі отбасылық құндылықтарын жаңғырту. Отбасы тұрмыстық қарым-қатынасты бұзғаны үшін қойылатын қорғау нұсқаманың басты мақсаты әлсіз жандарды қорғау болып табылады. Тұрмыстық құқық бұзушылыққа бейім адамдардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша толық тексеру жүргізіліп, қорғау нұсқамасы шығарылған немесе мінез құлқына ерекше талаптар қойылған адамдармен бекітілген шектеулерді орындалуына назар аударылады.

Кербұлақ АІІБ-нің ЖПҚ

ӘЗЗҚт-ң инспекторы

полиция аға лейтенанты

А.С. Оразалиев

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here