Басты бет Қоғам Қош келдің, жаңа жыл
10.01.2019

Қош келдің, жаңа жыл

Жаңа жыл әлемдегі ең көп әрі ең керемет тойланатын мереке екен. Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңажылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен. Осы орайда Қарашоқы ауылдық округі әкімшілік аппараты, Мәдениет үйі және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2018 жылы желтоқсан айының 27, 30, 31 күндері аралығында Қарашоқы ауылдық округінде жаңажылдық іс-шаралар өткізілді.
Архарлы кенішінде мектеп жасына дейінгі балалардың жаңажылдық «Жасыл шырша — 2019» мерекесі өтті. Ауыл әкімі Д.Ақбасова бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жаңажылдық кейіпкерлер костюмдарін киіп, қойылымдар қойды. «Бауыржан» жеке шаруа қожалығының демеушілігімен 50 бүлдіршінге Аяз ата сыйлықтар таратса, 2018 жылы 30 желтоқсан күні Қарашоқы ауылдық округінде өткен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жаңажылдық шырша тойында «Бауыржан» жеке шаруа қожалығының демеушілігімен 100 бүлдіршінге сыйлық табысталды. «Балбөбек» бөбекжай- балабақшасы тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен ертегілерден қойылымдар қойылып, ата-аналар мен бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күйде тарады.
Қарашоқы ауылдық округінде жеке шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер және мекекемелер арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жыл жетістіктерінің қорытынды жиыны өтіп, ауылдық тойханада 120 адамға мерекелік дастархан жайылды. Ауыл әкімі Д.Ақбасова ауыл еңбеккерлерін, тұрғындарды, қонақтарды Жаңа жылмен құттықтап, жаңажылдық костюм киіп келген қонақтарға жеке шаруа қожалықтарымен және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен алынған бағалы сыйлықтар табыстады. Жиын соңы Мәдениет үйі қызметкерлерінің дайындаған концертіне ұласты. «Шұғыла» ВИА орындауында «Вальс», «Тағы да вальс», Т.Иматаеваның орындауында «Жаңа жыл», Г.Ирланованың орындауында «Гүлдер», М.Сейдахметовтов пен Д.Дубасованың орындауында «Незаконченный роман», «Лаванда» т.б әндер шырқалды.
Жаңа жылды қарсы алу үлесі 31 желтоқсан күні орталық алаңда сән-салтанатымен безендірілген шырша жанында «Баллмаскарад» думанына жалғасты. Бұл іс-шараға студенттер, ауыл жастары, тұрғындар, қонақтар қатысты. Жаңажылдық костюм киіп келген қонақтар костюмдерін қорғап, сыйлықтармен марапатталып, іс-шара соңы би кешіне ұласты. Жаңажылдық іс-шаралар Қарашоқы ауылдық округі әкімшілік аппараты, мәдениет және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.
Ж.КОКУСБЕКОВА,
Қарашоқы ауылдық кітапхана меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

Н Назарбаевтың мемлекетіміздің даму жолындағы еңбегі ерен

  Пікір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттіктен өз еркімен кетуі туралы шешімі…