Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл — сиқырлы әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Осынау ғажайып мереке қарсаңында Жайнақ батыр ауылдық округіне қарасты бес елді мекенде «Жасыл шырша» мерекесі өтті. Мектептерде өткен мерекеге округ әкімі Асқар Оңғарұлы Баядилов әр ауылды аралап, іс-шараларға қатысып, келген қонақтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, көпбалалы отбасыларынан, аз қамтылған жанұядан шыққан жиырма бес балаға өз отбасы атынан дайындаған сыйлығын ұсынды.
Жаңа жыл қарсаңында округ орталығы Жайнақ батыр ауылында «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты баллмаскарад кеші өтті. Мерекеге жиналған қонақтармыз да, киінген азаматтарымыз да көптеп жиылды. Жасыл шырша кешіне жиналған жұртшылықты округ әкімі А.Баядилов құттықтап,сөз сөйледі.
Жиналғандар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен Ақшақар арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңажылдық көңіл-күй сыйлады.
Мереке соңында костюм киген ауыл тұрғындары өз костюмдерін қорғап, өнерлерін ортаға салды. «Маржа» шаруа қожалығының төрайымы, алты баланың анасы Тілеулинова Аяужан Сембайқызы тағайындаған сыйлықтармен марапатталды. Жиналған қауым өте жақсы көңіл-күйде тарқасты.
М.КЕРИМБАЕВА,
Жайнақ батыр ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here