Жаңа жыл — әр отбасына жылулық әкелетін,көңілге үміт пен ізгілік сыйлатын ғажайыпқа толы мереке. Жаңа жыл қарсаңында Көксу орта мектебінде мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары ауылдық округ әкімінің шыршасына қатысты. Өткізген іс-шараны Көксу, Көктал, Қосағаш, Беріктас ауылдарынан келген балалар қуана тамашалады. Қиял-ғажайып ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жаңажылдық шырша қызыққа толы болды. Әдемі безендірілген шырайлы шыршаның жанында балалар шаттана ән шырқап, би билеп, тақпақ айтты.
Жиналған балғындарға ізгі тілегін жеткізген ауылдық округ әкімі Әлия Бақтиярова барлығын жаңа жылдарымен құттықтап, мерекенің соңында мүмкіндегі шектеулі — Семенова Анеля, Семенов Лев, Утебай Альбина, Карпенко Ирина, Жолдыбай Әсет тағы да басқа балдырғандардың барлығына жаңажылдық сыйлық тарту етті.
Э.ХАМИТОВА,
Көксу ауылдық округі әкімі
аппаратының жастар ісі-жөніндегі ңұсқаушысы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here