Басты бет Мәдениет Жасыл шырша
10.01.2019

Жасыл шырша

 

кери гарнизонының бастығы, 12740 әскери бөлімінің командирі полковник А.А.Дамаевтың демеушілігімен және гарнизондық офицерлер үйінің бастығы капитан Д.Қ.Усманов және оның ұжымы, 29108 әскери бөлімінің отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Д.Т.Ахметова, жауаптысы сержант Ж.Т.Алихуловалардың ұйымдастыруымен «Кербұлақ ауданының №9 Психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» КММ-нің түзете-оңалту сабақтарына қатысатын арнайы кәсіби көмекті қажет ететін балаларға арналған жаңажылдық мерекелік ертеңгілік өтті.
Ертеңгілік бағдарламасында «Бәйтерек» ертегісі қойылымы көрсетіліп, «Мадагаскар» ертегісінің кейіпкерлері би билеп, әдемі әндер айтып, қызықты ойындар ойнатты. Ертеңгілікте «Дана-Аси» би үйірмесі, көркемдік жетекшісі А.У.Көбенованың жетекшілігімен демеуші ретінде биші бүлдіршіндер «Үнді», «Өзбек», «Балапан» билерін мың бұрала биледі. Балалар Жаңа жылға арналған тақпақ, әндерін айтып, билерін билеп, көріністерді тамашалап, әртүрлі ойындарға қатысты.
Мерекеге қатысқан демеушілер түрлі сыйлықтарды әкеліп, балалардың көңілін көтерді. Атап айтсақ, «Таза-Су» ЖШС-нің директоры Ж.К.Қалиев құттықтау сөз сөйлеп, балаларға сый-сияпаттарын табыс етті. Сондай-ақ, гарнизон бастығы, 12740 әскери бөлімінің командирі полковник А.А.Дамаев, гарнизондық офицерлер үйінің бастығы капитан Д.Қ.Усманов және ұжымы, 29108 әскери бөлімінің отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Д.Т.Ахметова, сержант Ж.Т.Алихулова, аудандық «Нұр Отан» партиясының ұйымы, «Темір жол техникаларын жөндеу» ЖШС-нен ағайынды Жунусовтар және А.Усанова, «Таза-Су» ЖШС-нің бас директоры Д.Ж.Идрисова, «Дана-Аси» би үйірмесі, көркемдік жетекшісі А.У.Көбенова, «Айтөре» кафесі — Жазылбекова Тоқтархан Құрманғазықызы, «Берекет» наубайханасы — А.Б.Каримова, «КазТрансГаз» — Н.Е.Мұхамедсариев, «Жібек жолы» дүкені — Р.Ә.Жартынова, «Асар» дүкені — Ж.Б.Балажанова, «Кербұлақ» дүкені — Б.Қонақбаева, «Бәйтерек» дүкені — Бейбітовтер отбасы, Бакашевтар отбасы, жеке кәсіпкер Ж.Ә.Сатаевқа айтар алғысымыз шексіз.
Жаңа жылда бүлдіршіндерді қуантқан демеушілердің барлығының отбасына береке-бірлік тілейміз.
А.НҰРПЕЙІСОВА,
тәрбиеші,
№9 ППКК КММ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

Әміре Әрін: Журналистика-қоғамды дамытуға қызмет ететін мамандық Журналистика мамандарын д…