Басты бет Жолдауға қолдау Жаңашылдыққа талпыныс – жаңарған таным
13.02.2019

Жаңашылдыққа талпыныс – жаңарған таным

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» – деп жаһандану заманына бейімделу керектігін айқындап берген болатын.

Осы мақсатқа ерекше көңіл бөлген аудандық білім бөлімі оқушыларды жаһандану заманына бейімделу ісін бастап кетті. Жамбыл еліндегі талантты жастары жаңа технологияларды меңгеріп, 3D модельдеу, алгоритмнің кезектілігін құрастыра білу сынды жаңа ғылым түрлерін меңгеруге бағытталған робототехника кабинеттің тағы бірі Ақсеңгір орта метебінде ашылды. Білім ордасына арнайы келген аудан әкімі Бағдат Әлиев су жаңа кабинеттің лентасын қиып, осындағы жаңа технологияларды меңгеруге талпынған оқушылардың алғашқы жұмысымен танысып өтті. Аудандық білім бөлімінің басшысы Ләйлаш Бәкірова дәл осындай кабинеттер Ұзынағаштағы Абай атындағы орта мектебінде және Мыңбаев орта мектебінде ашылғанын, болашақта бұл кабинеттерді көбейту көзделіп отырғанын жеткізді.

Кабинет 20 оқушыға арналған жиҺазбен, роботтармен, интерактивті тақта, проектор және ноутбуктарымен жабдықталған.

Осы мектепте оқушыларды робототехникаға бейімдеп, сабақ жүргізетін Арманбек Хаумен математика және информатика пәнінің мұғалімі. Ол осы салада бір жарым жылға жуық жұмыс істеп, қызығушылығы жоғары балаларды тәрбиелеп жатқанын, енді арнайы кабинетте оқушылармен бірге нәтижелі жұмыс атқаратындықтарын айтты. Заманауи талаптарға сай бұл кабинеттің ашылуына түрткі болған аудандық білім бөліміне және аудан әкіміне шынайы алғысын білдірді.

Осы құрылғылардың көмегімен талантты оқушылар әр түрлі роботтар жасауға мүмкіндіктері бар екен. Ал, сол тапқырланған роботтармен мектеп оқушылары халықаралық сайыстарға қатысуға мүмкіндік алады.

Үстелде тұрған роботтар мен құрылғылардың арасында Ақсеңгір орта мектебінің оқушылары ойлап тапқан құрылғыларда бар. мысалы, «Жүрдек көлік» ол жылдам жүреді және кедергіге 10см қалғанда тоқтап, дыбыстық белгі береді. Сонымен қатар «Ақылды үй» деп аталатын жарық шам да бар. Оны дыбыстық белгілермен өшіріп қосуға болады.

Мектеп директоры Ертай Құрымбаевтың айтуынша оқушыларының робототехникаға қызығушылығы күн санап артып келеді екен. Білікті басшы

мен ұйымшыл ұстаздардың басы қосылған Ақсеңгір орта мектебінде әлемді таңдай қақтыратын талай шәкір білім алып жатқан да шығар. Ол әрине уақыттың еншісінде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

  Телевизия майталмандары Жетісу төрінде Телевизия саласында отыз жылдан астам уақыт …