Басты бет Без рубрики Жас өренді ұлттық өнерге баулуда
25.02.2019

Жас өренді ұлттық өнерге баулуда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жас өренді ұлттық өнерге баулуда

 

Ұлттық өнер — сан ғасырлар бойы сақталған өміршең қазына. Оны жастардың бойына сіңіру аға буын өк

ілдерінің маңызды міндеті. Осы орайда, Алматы облысы Текелі қалалық Балалар шығармашылығы орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас өренді ұлттық өнерге баулу мақсатында «Ата кәсіп – мол нәсіп» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

Ұмыт болған өнер жәдігерлерін, мәдени мұрамызды сақтап, оны өскелең ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтқан шарада қазақ және орыс халқының қолөнері, оның ішінде ою-өрнек, кесте тігу, ши тоқу, қамшы өру

сынды өнер түрлері көрсетілді. Түрлі сәндік қолданбалы өнер туындыларымен безендірілген зал көздің жауын алады. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бойындағы тұнып тұрған қабілетін ашу, оны ары қарай дамыту, өнерге баулуды басшылыққа алған орталық мамандары өз саласы бойынша кең мағлұмат беріп, көрерменнің көңілін аулап, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыра білді. Шараның өту барысы жөнінде орталық директоры Светлана Бейспекова айтып өтті.

— Аталған бағытта жұмыстарды тоқтатпаймыз, әлі де көптеген шараларды ұйымдастырып өткізу жоспарда бар. Бүгінгі шараға келетін болсақ, орталықтың жоғары білікті оқытушысы Т.Жаппарқұлова ою өнеріне баулып, көркемсурет бөлімінің оқытушылары А.Ақылбекова ши тоқу өнерімен таныстырып, А.Кувычко заонеж кестесін тігуді үйретті. Ал Е.Тұрсынбек қамшы өруді үйретіп, ол тобылғыдан, мүйізден, сүйектен, сирақтан да жасалатынын айтып көрсетті,-дейді орталық директоры.

Атап өтетін жайт, Балалар шығармашылық орталығы 2002 жылдан бастап музыка, көркемсурет бөлімдері және үйірмелер бағытында жұмыс істейді. Орталықта 820 оқушы білім алып, түрлі облыстық, республикалық сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Бүгінде ол ұлттық өнерді дәріптейтін, балалардың шығармашылығын дамытуда қомақты үлесін қосып жүрген білім ордасына айналды.

 

 

Обучают народному и декоративному исскуству

Исскуство всегда занимает важное место в жизни человечества. Народное искусство — это отпечаток национальных особенностей. В данном направлении работает Центр детского творчества города Текели Алматинской области.

На днях в этом Центре в рамках программы «Рухани жаңғыру» прошел познавательный вечер на тему «Ата кәсіп – мол нәсіп». В ходе мероприятия были продемонстрированы такие виды исскуства русского и казахского народа, как орнаменты и узоры, вышивка, плетение камчи и другое.

Зал украсиили потрясающими произведениями прикладного искусства, сделанными учениками центра. Слушали и наблюдали с большим интересом ученики, задавая свои вопросы. О ходе мероприятия рассказала директор Центра детского творчества Светлана Беиспекова.

— Мы и дальше будем работать в данном направлении. У нас в планах еще немало таких мероприятии. Если же рассказать о сегодняшнем, высококвалифицированный преподаватель нашего центра Т.Жаппаркулова показала технику вышивки, а А.Акылбекова, А.Кувычко и Е.Турсынбек продемонстрировали и рассказали учащимся о казахских народных промыслах, русских народных изделиях, ши и плетений камчи,-отметила директор центра.

Стоит отметить, Центр детского творчества обучает детей с 2002 года. И на сегодня там обучаются 820 детей. Результатом профессионализма преподавателей стали победы учеников в областных и республиканских конкурсах.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

  Телевизия майталмандары Жетісу төрінде Телевизия саласында отыз жылдан астам уақыт …