Басты бет Жаңалықтар Журналистерге арналған жаттығу залы ашылды
15.04.2019

Журналистерге арналған жаттығу залы ашылды

Журналистерге арналған жаттығу залы ашылды

Талдықорғанда Журналистер үйінің төменгі қабатында заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, салауатты өмір салтын ұстанғысы келетіндер үшін жаттығу залы ашылды.

Аталмыш нысан облыстық, ақпараттық-танымдық, отбасылық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерей тойына орай ашылып отыр.

Салтанатты ашылу салтанатына қазақ телевизиясының майталман журналисі Тілеуқабыл Мыңжасар, Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің бас редакторлары Әміре Әрін, Атсалим Идигов қатысып, лентасын қиды.

«Бүгін аспаннан шұға жауған күн болды. Неге десеңіз, Бұқаралық ақпарат құралының айдынындағы ақ кеме сияқты ғимаратымызда жаңа жаттығу залы берілді. Бұл деген журналистердің шабытына шабыт қосып, жұмыс сапасын ғана емес көлемінде арттыруға себебін тигізеді. Журналистер қауымы үшін осындай жақсылық жасаған облыс әкімі Амандық Баталовқа, ішкі саясат басқармасына алғыс білдіремін»,-деді «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін.

Құттықтау сөздерінен кейін жиылғандар жаңа кешеннің ішкі құрылымымен танысты. Мұнда спортсүйер қауымы үшін велотренажер, белтемір, жүгіретін жол, пресске арналған белтемір және өзге де көпфункциялы құралдар қолжетімді.

Айта кету керек, «Zhetysufit»жаттығу залы Алматы облысы әкімінің қолдауымен, ішкі саясат басқармасының ұсынысымен қолданысқа берілді.

 

В Доме журналистов города Талдыкорган открылся современный фитнес зал

В рамках празднования 20- летия телеканала «Жетысу» в Талдыкоргане состоялось торжественное открытие нового фитнес зала «Zhetysufit». Церемониальный акт разрезания красной ленты, как символ нового начала взяли на себя почетные ветераны журналистики: главный редактор газеты «Огни Алатау» Атсалим Идигов, главный редактор газеты «Жетысу» Амире Арин и собственный корреспондент телеканала «Хабар» Тлеугабыл Мынжасар.

Здоровый образ жизни – залог долголетия. Систематические занятия спортом позволяют сохранить хорошее здоровье, бодрое состояние и позитивное настроение.

«В Доме журналистов для нас созданы все условия. Теперь мы можем заниматься спортом, не отходя далеко от рабочего места. Здоровый человек работает более плодотворно и результативно. Хотелось бы выразить огромную благодарность главе региона и управлению внутренней политики за заботу о работниках пера и микрофона», — поделился Атсалим Идигов.

Стало известно, что тренироваться в зале можно будет в любое удобное время: и в будние, и в выходные дни.

Отметим, новый фитнес зал открылся при поддержке акима области и по инициативе управления внутренней политики.

Айгерим Сарымсакова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

  Телевизия майталмандары Жетісу төрінде Телевизия саласында отыз жылдан астам уақыт …