Басты бет Без рубрики Көксудың жолына 1 миллиард теңге бөлінеді
14.05.2019

Көксудың жолына 1 миллиард теңге бөлінеді

Көксудың жолына 1 миллиард теңге бөлінеді

Өңірлердегі инфроқұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Алматы облысының Көксу ауданында 11 көшенің құрылысына бюджеттен 1 миллиардқа жуық теңге бөлу қарастырылған. Олардың 8-і орташа жөндеуден кейін тротуары мен жарықшамы бар көшеге айналады. Тағы 3 көшеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Көксу ауданында 41 000 адам, 34 елдімекен бар. Мұндағы ішкі жолдар 230 километрді құрайды. Ал, ауданды кесіп өтетін жолдардың 204 километрі облыстық және 56 шақырымы республикалық маңызы бар жолға жатады. Жалпы, көлік жолдарының 76 пайызы жақсы.

Аудандағы ішкі жолдарды жөндеуге ерекше мән беріп отырмыз. Бұрын көп болса 5-6 жолды жасауға мүмкіндік болған. Қазір басқа аудандармен салыстырғанда біздегі жолдар жаман деуге келмейді. “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында ауылдадардағы ішкі жолдарға жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Оған арнайы республикалық бюджеттен ақша бөлінеді. Бұрын бізде ағымдағы жөндеу жұмыстары болмаған, яғни, оған қаражат қарастырылмаған болатын. Қазір ондай мәселе жоқ. Барлық деңгейдегі жолдарға мүмкіндігінше қаражат қарастырып, жөндеп жатырмыз”, — дейді Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ.

Аудан республикалық маңызы бар күре жолдың бойында орналасқандықтан үлкен жолдардың бәрі күрделі жөндеуден өткен. Сондай-ақ, өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде Мұқаншы (3 миллион теңге), Айнабұлақ (1 миллион теңге) және Қаблиса ауылдық округтеріндегі көшелерге ағымдағы жөндеу жүргізілмек. Қалған ауылдардағы ішкі жолдарды қиыршық таспен жауып, келер жылы асфальт төсеу жоспарланған екен.

Ербол Ілияс

 

На строительство дорог Коксуского района выделят 1 миллиард тенге

В рамках программы развития инфраструктуры в регионах, на строительство 11 улиц в Коксуском районе Алматинской области из государственного бюджета предусмотрено около 1 миллиарда тенге. По 8 улицам будет проведен текущий, а по 3 улицам — капитальный ремонт. К слову, в Коксуском районе насчитывается 41 000 человек и 34 населенных пункта. Внутренние дороги здесь составляют 230 километров.

Стало известно, что 204 км улиц, пересекающих район, относятся к дорогам областного, а 56 км республиканского значения. В целом, 76% автомобильных дорог находятся в хорошем состоянии.

— Особое внимание мы уделяем ремонту внутренних дорог района. Если раньше была возможность отремонтировать 5-6 дорог. Сейчас, по сравнению с другими районами, дороги у нас неплохие. В рамках программы «Ауыл-ел бесігі» мы проводим текущий ремонт внутренних дорог в селах. На это выделяются деньги из республиканского бюджета. Ранее, у нас не проводился текущий ремонт, так как средств на это не было. Сейчас такой проблемы нет», — сказал аким Коксуского района, Алмас Адил.

В связи с тем, что район находится вдоль дорог республиканского значения, все большие трасы отремонтированы. Также, в виду реализации программы развития регионов будет проведен текущий ремонт улиц в Муканшинском (3 миллиона тенге), Айнабулакском (1 миллион тенге) и Каблисинском сельских округах.

В 2019 году планируется засыпать щебнем и заасфальтировать дороги в остальных селах

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

  Телевизия майталмандары Жетісу төрінде Телевизия саласында отыз жылдан астам уақыт …