Басты бет Без рубрики Қапшағайда алғаш рет Денешынықтыру сауықтыру кешені бой көтермек
14.05.2019

Қапшағайда алғаш рет Денешынықтыру сауықтыру кешені бой көтермек

 

Қапшағайда алғаш рет Денешынықтыру сауықтыру кешені бой көтермек

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы негізінде Қапшағайда алғаш рет Денешынықтыру сауықтыру кешені салынады. Медігер компания — «BI Urban Construction». Бүгінгі күнде жобалау – сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір. Аталмыш нысан қаланың орталық саябағына қарасты «Демалыс» аумағында тұрғызылады. Жалпы алатын жер көлемі 1,8556 га. Екі қабаттан тұратын ғимаратта халықтың емін-еркін спорттың кез келген түрімен шұғылдануына барлық мүмкіндіктер қарастырылмақ. Нақты атап айтар болсақ, мысалы бірінші қабатында келушілердің киім ілу орыны, ер және әйел адамдарына жекелеген жуыну бөлмелері, көпшіліктің төлем жүргізуі, медициналық бөлімше, боксқа, күресуге арналған жаттығу жерлері мен волейбол,баскетбол,теннис, футбол ойнауға қажетті залдарда ойластырылған. Ал, екінші бөлігінде әкімшілік бөлмелері, конференц және жиналыс залдары, 32 орынға арналған тамақтану мен шахмат ойын алаңы, қол шаю сынды қажеттіліктермен толықтай қамтамасыз етілмек. Сол секілді қалған төменгі қабаты инженерлік-коммуникациялық желілермен жабдықталады. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кіріс және шығыс жерлерде пандустар, төтенше жағдай кезіндегі шығу жолдары мен залдарға кіру бағыттарында көтергіш жабдықтары жасалмақ. Ал, мінберде арбадағы мүгедек жандарға арналған арнайы орындар да қарастырылған. Жалпы, бұл аталған кешен құрлысы мамыр айында жүге асырылмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

  Телевизия майталмандары Жетісу төрінде Телевизия саласында отыз жылдан астам уақыт …