14.05.2019

 

Телевизия майталмандары Жетісу төрінде

Телевизия саласында отыз жылдан астам уақыт еңбек етіп, журналистика саласының жілігін шағып, майын ішкен, танымал тележүргізуші Қымбат Хангелдина мен Қымбат Досжан, Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде тағлымды кездесу өткізді.

Танымал тұлғалармен кездесу шарасын Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметі екі аптада бір рет ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Сол дәстүрді бұзбай Алматы облысына арнайы ат басын бұрған қазақ телевизиясында тынымды еңбек еткен ардагерлер келді. Белгілі тележүргізушілер телехабар таратудың өткені мен бүгіні туралы сөз қозғап, жас журналистерге тікелей эфирде жұмыс істеудегі тәжірибиелерімен бөлісті.

«Телевизияның ең мықты қаруы — сөз. «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген бар. Ендеше сіздің әрбір сөзіңіздің іске айналар кезі бар және оның өзіне тән мәні мен мағынасы да жоқ емес. Сондықтан не істесеңіз де ойланып барып істеуге тырысыңыз. Сөйлеген сөзіне қарап адамды бағалауға болады. Даусымыз арқылы танып, бізді тыңдайтын көрермендер болса, ол біз үшін үлкен мәртебе»,-деді Қазақстан ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі Қымбат Досжан.

Телевизия саласында жүргеніне 35 жыл толған диктор, әр журналистің бойынан табылуы қажет үш қасиетті атап берді. Ол қызығушылық, ұтқырлық, ізденімпаздылық. Осы үш қасиетті қатар алып жүретін маман иесі телеарна саласында жетер жетістігі де биік болып, көгілдір экран арқылы жұртшылыққа танымды дүниелер жеткізері сөзсіз. Сонымен қатар, тележүргізуші тікелей эфир алдында жасайтын жаттығуларымен де бөлісіп, бір-екі тәжірибе көрсетіп берді.

Қымбат Хангелдина телевизия саласына кездейсоқ келген. Философия бойынша білім алған ол, 90-шы жылдарға дейін ғылыммен айналысқан. Алайда, уақыт өзгеріп, жаңа көзқарастардың келуі, жүргізушінің тағдырын да басқа арнаға бұрады. Телевизияның баспалдағын имене аттаған ол, сиқырлы әлемге еніп кете барады. «Ешқандай дайындықсыз, аяқ астынан жүргізген алғашқы эфир әлі күнге есімде», – дейді диктор. Сол сәттен бастап, Қымбат Хангелдина жаңалықтарды жүргізді, жастарға арналған және қоғамдық-саяси ойын-сауық бағдарламаларды да тізгіндеді.

Салмақты диктор жас журналистерге дауыс қою ырғағын көрсетумен қатар, тікелей эфир мәтінің есте сақталып қалу үшін, әрбір сөзді бір әуенге салып айту керектігін үйретті.

Шара соңында көрермендер журналистерге жылы лебіздерін білдіріп, тағлымды кездесуден көп мағлұмат түйгендерін айтып, естелік суретке түсті.

Балжан Жұманбеков

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз

В Талдыкоргане определипобедителей республиканского турнира по мини-ли футболу

  В Талдыкоргане определипобедителей республиканского турнира по мини-ли футболу В че…